ВЕРНУТЬСЯ

         Терезе ашық,
далада түн,

Жаман емес үйде
күтім.

Бастадым мен
драмамды

Қайда, кәне
геройлар кім?

Үй де жым-жырт,
жым-жырт дала,

Күбірлеймін
жалғыз ғана.

Геройлардың
жаздым атын,

Оқиға жоқ
ойналатын.

Терезе ашық, ай қараңғы,

Қармалаймын
айналамды,

Бір геройым үн
бермеді,

Гүк те өнбеді, ұйқы
женді.

1955