ВЕРНУТЬСЯ

      I

     Нұрлы
дүние - сырлы сарай,

Айқара ашып есігіңді,

Ендім аңсап алтын арай,

Арманым жоқ осы күнгі.

Нұрлы
дүние, от бердің сен

Көкірегімде мәңгі лаулар.

Бердің қуат, бір сілкінсем,

Арқама орнар асқар таулар.

Нұрлы
дүние, қадіріңді

Білемін де жырлаймын ғой.

Әнмен қарсы әп әрбір күнді,

Түн-түнекке ұрмаймын
бой.

      II

      Нұрлы
дүние, шіркін дәурен,

Ойлаймын ғой сені ылғи.

Көкейімнен кетпей сәулең,

Көкірегімде толқиды күй.

Қатты сырқат үстінде де

Бір сені ойлап қиналамын.

Өңім тұрсын,
түсімде де

Сені қайтіп қия аламын.

Тірліктегі тыпыршыған

Бір күніңе не жетеді!

Аулақ, ауру ыңырсыған,

Өмір күйі тербетеді!

Нұрлы
дүние - думанды елім,

Жарқылдайсың жас айбынмен.

Бір сен үшін туған едім,

Бір сен үшін жасаймын мен!

Қараша, 1954