ВЕРНУТЬСЯ

         Бұғы менен бұланның,
Қашыр менен құланның,
Шие бөрі,
Доңыздың,
Шегірткенің,
Қоңыздың,
Жапалақтың,
Үкінің,
Бүкіл үйрек тұқымын,
Кәрінің де,
Жастың да,
Сау адамның,
Мастың да,
Трактордың,
ГАЗдың да,
УАЗиктің де,
ПАЗдың да,..
Даусын Өкім
салады,
Жұрт танымай қалады.
Бірақ өзі
Бүгінде
Сөйлесе ана
тілінде
Оның айтқан сөзінің
Түсінбейсің
түгін де!