ВЕРНУТЬСЯ

Ұсынар ем
жүрегімді мен саған,

Оты сөнген сорлы
жүрек мұп-мұздай.

Көңіл түбі жарық
сәуле аңсаған,

Қара түнде
үңірейген тік құздай.

Өмірімді қияр едім көз жұмып,

Қысқа өмірдің жетер жері қалды аз-ақ.

Қурап-солған
үмітімді сөз қылып,

Көрінгенге болып
қайтем мен мазақ.

Екі басқа әйел мұңы,
ер мұңы,

Бастан кешкен
оның жайын сұрамас.

Ыстық сезім шарпуына ендігі,

Көп өртенген менің жаным шыдамас...