ВЕРНУТЬСЯ

           Бейне перне
тізілген,

Шпал қалай көп
еді,

Шегіндей домбыра

Рельстер күй
төгеді.

Басып перне күй
гулеп,

Міне отарба
жөнеді.

Қазақстан
ән-жырын

Өрге тартып
келеді.

Жүйрік болат
паровоз

Мені де өрге
тартады,

Шайқап жарық
вагондар,

Бойда қуат
артады.

Терезеден
қараймын,

Дөңгелейді
айналам.

Қандай жүйрік
отарбам,

Қандай қызық
заманам!

1936