ВЕРНУТЬСЯ

Сенейін бе, сенбейін бе ой, Алла!

Сұмдық көрдім түсімде емес ояуда.

Мысық біткен жолбарысқа айналып,

Арыстан боп ақырады қоян да.

Айналыпты борсық, суыр - аюға,

Шортан - китке, шабақ балық - жайынға.

Арқырайды шегірткенің айғыры,

Ырық бермей қырға жылқы жаюға.

Пілге айналып күркірейді доңыз да,

Доңызбын деп
дөңкиеді коцыз да.

Шыбын-шіркей
көкте күспен таласып,

Арқау болды
таңғажайып аңызға.

Күжілдеген
шығады айғай әр тұстан,

Дырду-думан
өңкей дию тартысқан.

Жер тарпиды
тайбуырыл - тасбақа,

Түксиеді түйе
балуан - көртышқан.

Балпаң басып қарға
жүрді жораға,

Күзетшіге қыран қалды
қорада.

Ақсұңқар
боп ала қанат сауысқан,

Хайуанаттар
қаласында төраға.

Қайда апарып
соғады екен әй, мынау?

Ой ұшына жіп
таға алмай қойдым-ау!

Бақылдаған
лақтеке екіріп,

Бұқа болып шыға
келді мойны дәу.

Ешкім бабын таппаған соң оңдырып,

Айдалада тұлпар қалды болдырып.

Есек мініп аңға шықты маймылдар,

Қолдарына бір-бір тауық қондырып.

Мақүпықтар кенеледі күлкіге,

Мұрагердей жаратқанның мүлкіне.

Келмей жатып саршұнаққа шамасы,

Дәмелері қасқыр менен түлкіде.

Қайтсем бүйі боламын деп бит қызып,

Кенелерді жатыр отқа үйткізіп.

Айдаһарды жылан жұтып жоқ қылды,

Арыстанның бас сүйегін ит мұжып.

Сенейін бе,
сенбейін бе ой, Алла,

Сұмдық көрдім түсімде емес ояуда.

Көргенімді қаз-қалпында түсірдім,

Мұрша келмей мың құбылтып бояуға.