ВЕРНУТЬСЯ

     Сейітжан деген жігітсің,

Түсінуші ең жан күйін.

Бұл бақты
сендей кім күтсін,

Өмірлі болсын сәбиің.

Бурыл тартқан кезінде

Кезіктің бір бөпеге.

Күй болса да сөзімде,

Қуанышыңа жете ме!

Баланың зарын тартқан жан

Қандай болар, білемін.

Қуанышым артқаннан

Үйіңде ойнап-күлемін.

Орынсыз жыртақтамаймын,

Ыржың қағып тұрса
әлем.

Бақытын тапқан ағайдың

Жеңгемізге бір сәлем!

Ана деген ана ғой,

Бесікті күймен тербетер.

Ата-анаға абырой -

Құлпырып
бөпең ер жетер.

Берерсіз оқып жырымды

Жеті жасқа келгенде,

Жапыра басып жылыңды,

Мектепке барып енгенде.

Ойлар, мүмкін, сонда ол

Әкесінің досы кім...

Бақытты бол, алда бол,

Ойланып қал осы күн.

10 қазан, 1950.