ВЕРНУТЬСЯ

         (Шерхан Мұртазаға)

         Мекенде атын алған жыр алыбы

Шулатып жатырған кім Жуалыны?

Қазақтың даласы - кең, сол кендіктен

Бауыржан, Шер-ағадай туады ұлы.

Ғасырлап отаршылық қысқан елде

Шерхан кім?

Сөз тындатқан күшті әлемге.

Ол - үні аруақтардың архивтегі

Қайтадан жазған хаты Сталинге.

Сөйлейтін өктемдерді ығыстырып,

Шерхан кім?

«Қалаулым» деп білісті жұрт.

Халқының аштық көрген қайғысымен

Табыттан қайта тұрған Рысқұлов.

Жазса егер жүрегінің жарасы көп.

Шерхан кім?

Жүрген жастар ағасы боп.

Ол сырын қазақша айтқан Шыңғыс білем,

Сарыөзек, Мойынқұмның даласы боп.

Шерхан кім?

Кәрі-жаспен қол алысқан,

Бейнесін құйса лайық таза мыстан.

Әр үйдің, әр ошақтың мұндасы ол -

Бүгінгі егеменді Қазақстан.

1992 жыл.