ВЕРНУТЬСЯ

          Айтылды азан,
кешкі намаз басталды,

Еңкейтті ауыр ақ
сәлделер бастарды.

Қол кеудеде, бет
кұбылада,

Тіл-ағузы,
бісмеллада,

Күндіз жұққан
күнәлардың

Алла атымен жуып
бәрін.

Жарық көздер
жасаурады, жұмылды,

Түрік қаумы
сәждесіне жығылды.

Дәл осы кеште
ресторанда арнаулы,

Жерлігі мен
ішерлігі таңдаулы

Америкалық
адмиралдар,

Офицерлер,
генералдар,

Соғыстырып
бокалдарды,

Арақтарды аса
нәрлі

Жұта берді жұтқыншақтар
талғанша,

Маңдайлардан мөлтілдеп
тер тамғанша.

Бойшаң сұлу
бөтелкелер тұр қаптай,

Самсап келіп сапқа
кірер солдаттай.

Құй кәнеки, тағы
да құй,

Стамбулда өзіміз
би.

Тоқтатпаңдар
ғитар әнін.

Келтіріңдер түрік
қыздарын!-

Дейді әмірлі
ішкіштердің үндері.

Қандай ғажап
Стамбулдың түндері.

1957