ВЕРНУТЬСЯ

     Тамаша күйші біздегі 
Тұлпарлар болат тұяқты.
Көкала жылқы түздегі
Көшпелі теңіз сияқты.
Құлақтың түбі жіпсиді,
Құйғытса қырдың пырағы.
Көшпелі теңіз лықсиды
Кері ағып, Кейде бері ағып.
Дүбірі мәңгі
өшпегір
Уақытша тастап даласын,
Теңіздің сол бір көшпелі
Табанын сипап қаласың.
Айғыры,
Асау байталы
Алыстап кетсе - сөкпеңіз.
Дүркіреп тағы қайтады
Тебіндеп жүрген көк теңіз.