ВЕРНУТЬСЯ

Тағдырдың талықсыған талма тұсын
Тауша аударып тастардай бар ма күшің?
Күш жоқта күшенгенмен не бітеді,
Табарың: жанға-қауып, арға-қысым.
Жалақтап жала-нала жан-жағымнан,
Сыпсыңдап сімсік сөздер салған ылаң,
Лаңға лағам ба - құлазимын,
Айырылып жер ойылар салмағымнан.
Сақтаған сан қиында сабыр қайда?
Сарқылса - тағы бір ұрттам табылмай ма?
Табылса - талаттырып қоймас едім
Мына бір жәбірлі жыл, жәбірлі айға.
Мына бір жәбірлі жыл, жәбірлі айдың
Ызасы өтті-ау - қашан дамылдаймын?!
Қиямет пен қиянат қиқуласқан
Қу дүниеде таусылмас зарым, қайғым...
                                                                1988.