ВЕРНУТЬСЯ

    Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды,
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.
Тауға ұра
ма басыңды, тасқа ұра ма,
Ал енді оған кісі қайтіп мінді?
Талап шапса ақылға мініп алып,
Жақсы, жаман бәріне бірдей салып,
Анық ақыл адымын аштырмайды,
Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.
Талап деген ындынмен ентелемек,
Ойға алып, қызыққанын қылсам демек.
Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба,
Ойланып оны ақылға
салса керек.
Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,
Түбі - жүрек, болады мида басы.
Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға
Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.
Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық -
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.
ЬІнсап деген аспайды, кем қалмайды,
Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды.
Рахым жақсы көреді аяғанды,
Адамға қаттылықты ойға алмайды.
Ар демек - адамшылық, намыс деген,
Арың,
кетпес жағыңа қарыс деген.
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емес күншіл болып, алыс деген.
Намыс сол - өзің қорлан кемдігіңе,
Құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіңе.
Алмай өс алдыңғының аяғынан,
Соқтықпай өзің іздеп еңбегіңе.
Ұят сол - аулақта ұял көргендей-ақ 
Ұрлаған
малың шығып, бергендей-ақ.
Орынсызды істеуге өлгенше ұял,
«Ұят күшті
өлімнен»-дегендей-ақ.
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан көп шығады адамшылық.
Сақтық деген - әр қашан байқап
жүрмек
Пайда ма, не залал ма, ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек. 
Ойменен, талаппенен болды сегіз,
Айтылмай енді қалды неменеміз?
Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы
Шығады осылардан түгел деңіз.
Сабыр, сақтық, ой, талап
болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан!
Кәрілік - шал
деген бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
Бойдағы бар қуаттың бәрін алып, 
Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай. 
Ойым - у, өмірім - су, үмітім - бу,
Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай.
Тоқтаусыз төмендетті күннен-күнге
Түрі жоқ аз ғана аял, дәт қылғандай.
Шатырап ойнап ұтылған
сықылданып, 
Байқаймын, кешікпей-ақ мат қылғандай.
Ойлай берсем қайғы емес оның бәрі,
Көп жасаған қоя ма боямай кәрі.
Өкініш сол - өмірді босқа өткіздім,
Өлсем ойдан кетер ме соның зәрі.
Білген адам баянсыз іс қылар ма,
Қолда болып тұрғанда ықтияры.
Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,
Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.
Қасиетін өмірдің білу керек,
Басында ми
бар болса, бетінде ары.
«Өлермін, шал болармын» ойында жоқ,
Мал, мансап, сауық, тамақ, сүйген жары.
Теңлік бар, тексеру бар деп ойламай,
He зорлықшыл, не болар ұры-қары.
Төбесінен ұрғанын
бір-ақ білер,
Арамдықпен шыға алар кім жоғары.
Кім жалғыз, бұл жалғанда - есті жалғыз,
Мұңдасар
болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па,
Қазақтан табылды ма соның пары?
Өлеңімен жұбатты
өзін-өзі
Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары.
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса не керек қазақ шары.
He қылса да шыдады, білдірмеді,
Сол десеңші сабырлы қазақ нары.
Ей, көп халық, көп халық,
Көп те болсаң, шөп халық.
Партияшылды құтыртпа
Мен сендікпін деп халық.
Оң-терісін байқамай,
Таза жолдан тайқамай,
Ылайлап тұнық шайқамай,
Тура жолмен кет, халық.
Таласты көрсең - басып айт,
Кемдігін көрсең - қосып айт.
Кекеп, мұқап қыздырма,
Берекесін бұздырма.
Ызаның айт дегенін
Желіктіріп сыздырма.
Адалдың әділ жолына
Ақырын басып жет, халық.
Мен қорқамын,
қорқамын,
Қорыққанымнан жорғамын.
Ашу менен ызаға,
Толы -емеспін, ортамын.
Қыздырманың - қызыл тіл,
Қызған
отқа салар ол.
Кек сақтағыш кекекшіл,
Аямай қауіп алар ол.
Білмесе де білгенге
Өзін-өзі балар ол.
Қаны қызып құтырып,
Ар-абыройы ұмытылып.
Ашуды қару жұтынып,
Артынан неге қалар ол.
Жақсыны қауып жаманың,
Қабылмай қалмас аманың.
Осы емес пе заманың,
Деп « тентек талар ол. 
Адалыңды арам деп, 
Мен адалға барам деп,
Ит жейтұғын жемтікті, 
Жиіркенбей жалар ол.
Ызадан жетсе бұйрығың,
Тұтпа ашудың құйрығын.
Таза ақылды жүйрігім,
Осы сөзге нанар ол.
Жүйріктерім нанбаса,
Тура сөзді алмаса,
Қайғылы шалды қармаса,
Жөнін өзі табар ол.
Жан жүрегім, жаным жеп,
Жанған отқа саласың.
Анау
сүйтті, бүйтті деп,
Күнде мазамды аласың.
Берекеге жи дейсің,
Тамам қазақ баласын.
Кек, ашудан тый дейсің,
Айыртып ақ пен қарасын.
Мен құдай
ма, патша ма, 
Ынсапсызға бастама.
Ауыртып
ашып жаныштама,
Жанымның ескі жарасын.
Газет, журнал басылды,
Міне, оқы деп қуанттың.
Қазаққа ғылым шашылды
Ал қуан деп жұбаттың.
Бірін-бірі сөкті деп,
Табылған
бақты тепті деп
Өлді, жітті, кетті деп,
Тағы мені суалттың.
Бір өлтіріп, тірілтіп,
Әр бұтаққа
ілінтіп,
Жел, сағымдай кұбылтып,
Қай жаққа алып барасың?
Қой, жүрегім, қайғырма,
Қайғыны мүлде жай қылма.
Айрылғандар қосылар,
Бұл мінезден шошынар.
Тағдырдың
құлы осылар,
Сен таппайсың
шарасын.
Торайғыров естісе,
Мұны «қатын ойбай» дер.
Мұнымен
елді жегілтсе,
«Ойбайды жүр қоймай» дер.
Аша алмассың
жылаумен
Арсылдақтың
арасын.