ВЕРНУТЬСЯ

     Түксиіп, қабақ түйіп бұлт үстінен,

Даланың патшасындай қарайсың сен.

He деген ызғарлы едің, тәкаппар ең,

Басқандай бар әлемді сенің еңсең.

Тау жоқтай бұл
дүниеде сенен артық,

Мен саған қарай бердім көп құмартып.

Қайтер ең, қаһарлы хан кәрі Талғар,

Бойыңнан өрлігіңді алсам тартып?!

1940.