ВЕРНУТЬСЯ

          Ердің аты өрмен
тең,

Ездің аты жермен тең;

Еңіреп туған ер
болса,

Ең жайлауы елмен
тең.

Егескенді алатын.

Екпіні қатты
селмен тең.

Ердің көңлі
күнмен тең,

Ездің көңлі
түнмен тең,

Езге айтылған
асыл сөз

Қүмға сіңген
сумен тең,

Ерге айтылған
асыл сез

Суға шыққан нумен
тең.

Ер жігіттің
еңбегі,

Өз еліне ем
болар,

Ез жігіттің
енбегі

Өз жауына жем
болар.

Ел басына күн
туса,

Жүректі батыр
толғанар,

Ылашын кустай
қомданар,

Ақ алмастай
жарқылдар,

Жолбарыстай
долданар

Жортып-жортып жон
асар,

Жолында қалар қар
асар,

Кешкен бұлттай
қаптаған

Қарулы қолы жарасар.

Күндіз күнмен
жарысып,

Аймен түнде
таласар

Жауына жетіп
болғанша,

Жеңкіген жолын
шаң басар.

Жауына жетіп
болған соң,

Жортқан жолып қан
басар.

Жолдасым бар,

досым бар,

Жолымды тосар -
қасым бар.

Достасқанға
достык бар,

Қастасқанға
кастық бар,

Сойқандарға
соққым бар,

Содырларға тепкім
бар.

Асауларға бұғау
бар.

Бұғауменен бұрау
бар.

Алысқанға белім
бар.

Жарысқанға жолым
бар,

Елеулі елмін
тегім бар,

Егескенге кегім
бар.

Елмін десем
еңселі

Ескергісі
келместей.

Ексімдеп келіп
тиген жау

Есемді тегін
берместей.

Егесе келіп
соқтықты,

Өліспесе
көнбестей.

Тартынбасаң,
тартынба

Арсылдасаң -
арсылда,

Қорқатын біздің
ел емес,

Үркітпек болған
тарсылға,

Ертектей ерлік
сақталған

Ормандай менің
халқымда.

Теңей білген
топрағын

Туған жердің
алтынға.

Талай жебір
шапқанда

Еділдің суын
сарқуға.

Еңіреп туған
батырлар,

Еге боп қайтпас
қарқынға.

Қасқайып тускен
майданға,

Қаһарман халық
артында.

Қасық қаны
қалғанша,

Көк сүңгуір
сүңгітіп,

Қанды жебе
тартуға,

Жендеттен жерін
аршуға.

Басынба, дұшпан,
басынба,

Бар болса миың
басыңда!

Басынбақ түрсын
сасарсың,

Кездессең аскар
асуға.

Арғы атаңды
білемін,

Аруағын жалған
асырма!

Мүйізді батыр
қашаннан

Болатын бейім
қашуға.

Ерте күнді еске
алсам,

Еліме сырын
ашуға,

Елестейді кезіме

Болған бір кырғын
қызығы

Айдын мұздың
басында.

Неше заман бұрында,

Сор айдаған
жылында.

Сораңдаған
немістер

Күнәсыз елді
қыруға

Темір сауыт
жамылып,

Қара кірес
тағынып.

Қараған орыс
жеріне

Қадаған туын
жұлуға

Мастанып дұшпан
қағынды,

Қағынбаса
неғылды.

Жеңемін деп
жауымды

Аузынан шашты
жалынды.

Құмырысқадай
қалың қол.

Қара жерді
теңселтіп

Аттанды судай
ағылды.

Қанқорларды
қоздырып,

Гүрсілдетті
дабылды.

Өтпесін деп
аттарға оқ

Темірден жапқан
жабуды,

Сауыттардың
салдыры

Шығарды сұмдық,
сарынды,

Қалқандары
болаттан,

Қамсыз алған
қаруды.

Еңіреп туған ер
көсем

Естіп мұны
толғанды,

Толғанды да
долданды.

Кеудеден кегі
қайнады,

Көзінен жальін
жайнады,

Жолбарыстай
жынданды,

Төңірегіне көз
салды.

Жас кырандай
қомданды.

Ақбоз атты
ойнатып,

Ауыр гурзі қолға
алды.

Алтынды күмбез
ордасын

Алты рет батыр
айналды,

Алдырмасқа қорғанды;

Аттан деп халқым
жар салды.

Найзасы тастан
таймаған,

Семсерін жалаң
қайраған,

Жеріне жау
тигенде

Қаһары сарқ-сұрқ
қайнаған.

Батырдың даусы
шыққан соң

Бас көтерді
сүйген ел,

Бес қаруын
сайлаған.

Қарағайдай
қаптады,

Қара жерде
андаған.

Шақырса неге
бармасын.

Атқа қонса
батыры,

Отанын ғана
ойлаған.

Батыр көзін
салады,

Төңірегіне
қарады.

Төңірегіне қараса
-

Толқыған қара
теңіздей,

Толқып кеткен
алабы.

Түйілген қабақ,
зәрлі бет,

Құрсандырған
даланы,

Қалың нудай
батырлар,

Халқының берік
қамалы,

Қаптай келіп тұр
екен

Қорғауға ана,
баланы.

Александр
сөйледі:

Туған балаң мен,-
деді.

Қайырымсыз жау
келеді;

Ұлы орыстың
жеріне

Өктем баса енеді.

Ортадағы ордаңды

Өрт қойнына
береді.

¥л, қызыңа
арнаған

Құрсаулы темір
көгені.

Қылыштан қан
төгеді.

Өлімнен ұрық
себеді.

Мал, жаныңды
талайды.

Орманыңды отайды,

Орындалса дегені.

-        Сен не көрсең көреміз;

-        Сен өлген жерде өлемізі

-        Орыстың туы еңкеймес,

Еңкеймес туға еге
біз.

Туған жердің
топырағын

Жамылғанша
денеміз,

Тап басқан табан
тапжылмай

Соққыға соққы
береміз.

Баста-баста
батырым,

Бас тартпаймыз,
ереміз,

Тәңірідей саған
сенемізі

Елінің серті
батырды,

Ерлікке биік
шақырды,

Егеулі найза еңгеріп.

Тұлпарға басты
тақымды.

Найзағайдай
жарқылдап,

Ақ бедеуі атылды.

Жауатын күндей
күркіреп,

Жау кайдалап
ақырды.

Жұлдыздан қалың
жасағы,

Жорта-жорта түн
асып,

Көзден таңды
атырды.

Ертемен тұрған ақ
боран,

Ексімдеп ызғар
шашқандай,

Екі теңіз
толқыны,

Екі жақтан
тасқандай,

Бірін-бірі
басқандай,

Екі жақтан қалың
бұлт,

Егесіп
араласқандай,

Екі жақтан екі
тау,

Соғысқа майдан
ашқандай.

Сәске түстің
шағында

Соғыскан сеңдей
кездесті

Бірінен-бірі
жасқанбай.

Бірінен-бірі
кашпастай

Қанды жастық
жастанбай,

Қырқылып жерде
бас қалмай

Әні-міні дегенше,

Ашып көзді
жұмғанша,

Найзамен найза
қағысты,

Семсер мен семсер
шабысты.

Жағаға қолдар
жабысты.

Жыртылғанша
алысты.

Күдері жалды
күреңдер

Күш түскенде
беліне

Төрт тағандай
қалысты.

Ұлы орыстың
ерлері

Жібермеске
намысты.

Жолбарыстай
қимылдап,

Қабысқан жерде
қарысты.

Күш шығар ма
сасқаннан,

Кек алар ма
жасқанған.

Тілерсектен ақты
қан,

Қардың бетін
жапты қан.

Ат пен жаяу
сүріиді,

Қағылып түскен
бастардан.

Мүйізділер аса
алмай,

Алдын тосқан
асқардан,

Әлденеше үмтылды

Дәметіп жаншып
тастаудан.

Өте алмады сонда
да

Тас қорғандай
тосқаудан.

Кун төбеден
ауғанда,

Кіші бесін
болғанда,

Қайнаған қанның
ішінде,

Александр от
жүрек,

Қайыспас болат
пішінде,

Маңдайдан тері
сіркіреп,

Қойға тиген
бөрідей,

Көзіне жан
көрінбей,

Бетіне жауды
қаратпай,

Көк шөпке тиген
орақтай

Орып кетіп
барады,

Айналасы өлікке

Толып кетіп
барады.

Тіресем деген
дүшпанның

Басын доптай
қағады.

Ақ семсердің
ушынан,

Шүмектеп қан
ағады.

Ұйыған қанды
семсерге

Ат жалына сүртіп
ап,

Тағы да қайта
шабады.

Бір мезгілдер
болғанда.

Жалт бұрылып
қырандай

Он, жағына
қарады.

Оң жағына қараса,

Арқыратып ат
мінген,

Ат қүйрығын шарт
түйгеи,

Көк кіреуке
киінген;

Гүрзісін оңай
үйірген.

Төсіне кірес
тағынған

Шойыннан қалған
жамылған,

Құтырған иттей
қағынған,

Орыстың бір топ
қолына

Омыраулай
шабынған,

Жау басшысын
көреді,

Көріп қаһар
төгеді,

Атының басын
бүрып ап,

Ақырын соған
келеді.

Екі батыр
үмтылды.

Егеудей қолдар
құлшынды,

Тұяғынан
тұлпарлар

Жер түбіттей
жыртылды.

Қағысқан найза
қадасып,

Сіреуге шыдамай

Екеуі де бір
сынды,

Найза сынып
қалған соң

Шоқпарға салды
салмақты,

Алма-кезек
соққанда

Қалқаннан шыққан
жалындар

Жалындатты
жан-жақты.

Үгітілген мұздай
боп.

Қалқаинан тамгық
қалмапты.

Намыс қысты сол
кезде

Орыстан озған
саңдақты,

Алды жауын
жағадан

Асырмаққа
қайратты.

Алыстырмай көп
ұзақ

Аударғандай бір
төбе,

Атынан жерге
аунатты.

Аунап бара
жатқанда

Ұлы жүзді
қанжарын

Қақ желкеден
орнатты.

Жау батыры
сұлады,

Жаудың туы
кұлады.

Құлаған тумен
қосыла

Қолдың да сағы
сынады.

Неміс - қамыс,
орыс - өрт

Аямастан қырады.

Алтынды діңгек
шатырын

Дауылдай екпін
жығады.

Асқақтап келген
арсыз жау,

Қасқырдан қашқан
қой сынды,

Қашуға бет
бұрады.

Қалғанына
қарамай,

Қарасуға жарамай,

Бас қамдарын
қылады.

Күн еңкейіп
шөккенде,

Күндізгі қырғын
еткенде.

Кел толқыны
тұнғанда

Кек толқыны
тынғанда,

Өлігіне дұшпанның

Қарға, құзғын
қонғанда,

Қандарына
тойғанда,

Көздерін үңгіп
ойғанда,

Кеуделерін
жарғанда,

Жүректерін
қарайған

Жұлып-жұлып
алғанда,

Жыртып тұмсық
салғанда;

Ойлаған қамын
қоныстың

Қажырлы қолы
орыстың,

Александр алдында

Тағдырын шешкен
соғыстың,

Қалаға қайтты
шерумен,

Дабылын соғып
жеңістің,

Қосақпен топтап
байлады,

Жалаң аяқ айдады,

Қалғанын тірі
немістің

Сонда орыстың
атағы

Желмен бірдей
жайылған

Таңдантты барлық
жер үстін.

Ежелден жаумен -
ел болып,

Дес бермеген
халықты.

Жапырақтай жерін
жауына

Бос бермеген
халықты.

Албасты сынды
патшаны,

Тымақтай жұлған
халықты,

Ашылмастай тұманды

Түбіттей жыртқан
халықты.

Отанына бақыттың

Ордасын салған
халықты,

Ордадағы досына

Олжасын салған
халықты.

Ойсыратып салам
деп,

Өткеннің кегін
алам деп,

Жалмауыз Гитлер
жанықты!

«Аттан!» деген
ұранға,

Аттанбай жігіт
тұрар ма?

Аттанып бір алған
соң,

Айтқанға жетпей
тынар ма?!

Атқа қонды ұлы
ұрпақ,

Жаңбырдай оғын
жаудыра

Жеті басты
жыланға.

Қазбек пенен
Арарат

Қайта такты
қанжарын.

Қаһарға мінді
құрсанып.

Көзінен атып от
жалын.

Майданға кірді
шерумен

Майқандай жаудың
бір жағын.

Жауынгер өжет
турікпен

Жеңістен қайтып
келгенше,

Қалдырып кетті
жан жарын.

Тайбурылдың
тұқымы,

Талмай шапқан
жері осы.

Қобыландының
тұқымы,

Қайтпай шапқан
жер осы.

Иілмейтін
ерлікпен

Белін буған жері
осы.

Тебінгімён
терлікті.

Терге жуған жері
осы.

Құдретті туған
ерлердің

Көрдің бе қимыл
ашқанын?

Миллион-миллион
доңыздың

Қанын судай шашқанын.

Жібермейміз біз
тегін,

Кунәсіз аққан жас
қанын,

Жібермейміз біз
тегін,

Жұлынған гүлдің
бастарын.

Қан орнына қан
алмай,

Жан орнына жан
алмай,

Ордасына өрт
салмай,

Ойран ботқа дерт
салмай,

Жеріне ойып жол
салмай,

Қолқасына қол
салмай,

Кеңірдегін
суырмай,

Шыжытып майын
қуырмай,

Қара жермен тең
кылмай,

Қарақусқа жем
қылмай,

Дегеніне елдің
жеткізбей,

Кегіміз қайтты
демейміз!

1941