ВЕРНУТЬСЯ

          Жүзіңнен жуып
күлкіңді

Жабады қайғы
пердесін.

Жандырып жалын
кеудеңді,

Жабырқайсың,
сонда сен...

Тұнжыраған тұманнан

Жалт еткендей бір
жарық.

Көз тігіп саған
бір адам

Кетеді тағы жоғалып...

Кірпігің әлсіз
ауырлап,

Көзіңді, сәулем,
жабады,

Ішінде жалын
лауылдап,

Мөлдіреп жас боп
ағады...

Ұмытпа, сәулем,
сен оны,

Оқтын-оқтын есіңе
ал.

Ұмытар болсақ
өлгенді,

Тірліктің бізде
несі бар?!

1946