ВЕРНУТЬСЯ

            Жаңа тәртіп
дүниеге кіргіздік те,

Өзімізше уақытты
жүргіздік те,

Ленинизм қолына
туын бердік,

Ракетаға советтік
мінгіздік те.

Уақыт тапты жана
бір шапшандықты,

Кетті бастап
ілгері шапшаң жұртты.

Қарап тұрып
уақытқа от қанатты

Дейтіндер бар:- бұл
өзі қайдан шықты?

Жасы жеткен, күні
өткен кеселдіге,

Табытында кебіні
төсеуліге,

Күліп уақыт
өтеді, тоқтамайды,

Күтпейді ол мешел
мен мешеуді де.

Жаса, уақыт
жастығы заманымның,

Жолын ашқан
өмірге жаңарудың.

Болашаққа
бүгіннен бірге ұшатын

Мен де сенің
кішкене жалауыңмын.

1960