Жапырақ
- торғай ұшып жүр,
Не
дейді құйттай мүсін бұл.
Қорқама
қатер-қауіптен,
Мәнісін
маған түсіндір?!
Түсіндір
маған шырылын,
Беретін
шығар бір ұғым.
Ұясына,
әлде сұржылан
Салады,
- дей ме, құрығын?
Түсіндір,
байғүс, не дейді,
Көмектес,
-неге, -демейді?!
Айтар
ем оған:
"Сұржылан,
-
Жұмыртқа
жарып жемейді".
Жапырақ
-торғай шырылдап,
Тағы
да нені тұр ымдап? -
Дегенше,
қалт-қүлт
етті де
Ұшты
да кетті пырылдап...
Қауіптен
ерте сақынып,
Көмекке
елді шақырып,
Таң
ата дабыл қағады! -
Осынау құйттай мақұлық.
- 143 просмотра