ВЕРНУТЬСЯ

      Қалтадағы
қаймығып тиынынан -

-      Құдіреттің қорлайтын

қуаты-ай!
- деп

Күлімсіреп
тұратын миығынан

Арамызда
ақжарқын Жұматай жоқ!

Жұматай
жоқ жайбасар - арамызда:

"Мен
ғой" дейтін есікті ашып қалып.

Біз
де бір күн сол жаққа барамыз да,

Оған
бірақ мезгіл бар, асықпалық!

Бірге
жүрдік талай күн.

Сыр
айтылды:

"Ұрпағымын,
- дейтін ол, - паң төренің!

Бабы
келіп отырса - сұрайтын-ды,

"Шалқымасын"
тартшы деп, Жантөренің?"

Қасыма
еріп кей уақыт еркеледі...

Сындырғам
жоқ мен де оның

босқа
сағын.

Көңілденіп
алса бір шертер еді:

"Жұматайдың
көрші, - деп, - Қосбасарын!"

Сезілмейтін
ешқашан қайғы-мұңы,

Тал
бойына тән еді еркін әдет.

"Салют"
деген кафеге

жайлы
күні

Таныстырды
келінді ертіп әкеп.

-      Аты Зайда, бұ да ақын, - келініңіз,

Туған
жері - тұрағы Үйсін елі...

Өлең
оқып, күй шертсе сері ініңіз

Зейін
қойып тыңдайды

Сүйсінеді...

Адам
көп-ті...

(Бой
аздап балқығасын,

Аузы
сөзден бір елі босаған жоқ!)

-Жантөренің тартатын
"Шалқымасын",

Таныстырды
келінге: "Осы ағаң!" деп.

Бой
қызғасын ой қызды.

Сыра
қалды.

Текке
айтысып немене оңдырасың?!

-      Он минөтке берші? -деп сұрап алды,

Он
сом төлеп біреудің домбырасын!

Жұматайдың
мұнысы ерлік еді -

Сол
отырыс жырменен,

күймен
өтті.

Ер
жігіттің қадірін ел біледі,

Үстінде
оның сол кезде

үй
де жоқ-ты!

Зарламайтын
сонда да: "Үйім жоқ" деп,

Достарымен
бас қосса, мәз болатын.

-
Қосбасардай шығарған күйім көп, - деп

Күле
сөйлеп ақырын назданатын...

Болатын
ол өмірге
құштар аса,

Сөзі
қалды есімде сол кештегі...

Жыр
мен күйдің тізгінін ұстамаса,

Өлер
ме еді, кім білсін,

өлмес
пе еді?!

Досы
түгіл
жоқтайды жыр ақынын,

Құдіреттің
қатігез қуаты-ай бек!

Күле сөйлеп, назданып тұратұғын

Ортамызда бүгін сол Жұматай жоқ.