ВЕРНУТЬСЯ

      Жасыңнан өмірге
сен құштар едің,

Шыңдады
шабытыңды - ұштап елің!

Аңсаған
арманыңа жету үшін
-

Алатау
қайдасың деп, ұшқан едің.

Ұшып
кеп Алатауға қонақтадың,

Көтердің
жол азабын, жол аптабын.

Бойыңа
біткен ынта-жігерге еріп,

Жаныңа
еш жамандық жолатпадың!

Көркіне
көңіл бөліп Астананың.

Көздедің
күнелтістің басқа амалын.

Ой
салар оқуды да қоя тұрып,

Әуелі
құрылысшы
боп, тас қаладың.

Сыры
мол өмір
заңын ұғып
түрлі,

Бұл
сенің ой-санаңды шынықтырды.

Өзіңдей
қос жанары жаудыраған,

Бір
сәуле босағаңнан күліп кірді.

Ол
сенің серігің боп қосақталды,

Тойыңды
қатар құрбы, дос атқарды.

Білімнің
бұлағына бас қойдың да,

Ауыр
жүк мойныңдағы босап қалды!

Бақыт
боп қонғандықтан
- қыз-қосағың,

Сенің
де келген еді-ау Жүз жасағың?!

Амал
не, тағдыр оған жеткізбеді,

Шүкір
ғой!

Бар
үш бірдей - Ізбасарың!..

Тіріңде
төтеп бердің қиын сынға,

Ермедің
ішімдікке - үйір сұмға!

Көрмеген
қызығың мен қуанышың, -

Бағына
үш ұлыңның
бұйырсын да!

Бұйырсын
қалған ғұмыр жұбайыңа,

(Болмасын
жылап-сықтау ұдайы да!)

Өмірден
өкінбей
ол өтсін енді,

Бағыштап
бар ниетін Құдайына!..

Жыл
толды!

Кеткен
сынды аз күн өтіп.

Еске
алдық - қыс күзетіп,

Жаз
күзетіп...

Мінекей,
дұға оқуға келіп тұрмын,

Басыңа
қабіріңнің тағзым етіп...

Күлгенің,

Қуанғаның,

Күрсінгенің
-

Сол
қалпы - көз алдымда тұрсын менің!

Мүлгіген
құлпытасыңа қарап тұрып,

Дүние - баяны жоқ, құрысын! -
дедім.