ВЕРНУТЬСЯ

      Алматының
ауа-райы нұрлы екен,

Мұндай
шақта айтылатын сыр бөтен.

Жүрші
жаным, тауға барып келейік,

Неғыламыз
үйде отырып құр бекер.

Неғыламыз
үйде
отырып құр босқа,

Ілеспей
ме хабар берсек, бір досқа.

Көңіліміз
көлдей тасып кетпес пе,

Әзіл
айтып, жырымызға жыр қосса?!

Жүр
ендеше, тауға қарай тартайық,

Үйде
бекер жата бермей жантайып.

Қызығы
мол дүниеден шеттесек,

Қаламыз
ғой, ертең біз де қартайып.

Алматының
күні бүгін
нұрлы
екен,

Жүрші
бірге, өзіңменен
бір кетем.

Алатауға
ақ бұлт
өрлеп
келеді

Аппақ сезім жауайын деп тұр ма екен?