ВЕРНУТЬСЯ

     Сұрайды
менен біреулер,

Шынымен,
кейде, әзілдеп:

-      Ұсқының болса жүдеулеу,

Кезіңнің
алды әжім, - деп.

Әйтсе
де, кемдік жоқ одан,

Сылайсың
сәндеп шашты кеп.

Сенбейді
айтсаң көп
адам,

Қырықтан
сені асты деп.

Біреулер
құсап
бос қарын,

Күнің
жоқ сенің семірген.

Сұрайды
кейде достарым,

Жаралдың
ба? - деп, - Темірден?

-      Ол рас!

Тегім
- Темір де,

Атамның
аты - Әжімбет,

Көретін
мынау өмірде,

Қысымнан
гөрі жазым көп.

Жұпарын
жұтып шалғынның,

Туыппын
нағыз көктемде.

Астында
қалып жаңбырдың

Нөсерлеп
құйып өткенде...

Содан
да болар, қылау жоқ,

Шашымның түсі қап-қара.

Жүремін
жұмбақ - сұрау боп.

Танысқа,
тіпті, жатқа да.

Жүзімді
жылдар әжімдеп,

Қырықты
қазір соқсам
да.

Айтамын
жұртқа әзіл жоқ:

-      Келем деп әлі тоқсанға!

Көңілі
- көктем адамға,

Тоқсан дегенің көп сан ба?!