ВЕРНУТЬСЯ

Күлкі қайда?
Күлер жерде
күлмейсің.
Қулық - патша,
Сен - кәдімгі
күндейсің.
Көз алдыңда
көріп т
ұрған жауың жоқ,
Кіммен қалай
күресерге білмейсің.
      Жігіт болсаң керек саған жеке ерлік.
Жеке ерлікке
жігерің де жетерлік.
Аулағырақ болсын
сенен қашанда
Алаяқтың
бойындағы мекерлік.
Адал жанда жоқ
күреске даярлық.
Аңқаулығы
әлсіздікке саярлық...
Азаматты араңдатар оп-оңай
Арамзаның
бойындағы аярлық.
Мықтысың ба?
Күрескенді
жығасың.
Милысың ба?
Тірескеңді ұғасың.
Неге бірақ
Түк қиянат
істемей,
Дос алдында
кінәлі боп шығасың?
Байқаймысың
адамдардың аласын?
Жазықсыздан
шырқыратар жала - сын.
Өсегің жоқ,
Төсегің жоқ
былғанған,
Бірақ неге ұятты боп қаласың?!
Қонағына сатып
берер кім асын?!
Біле алмайсың
арамдардың ықласын.
Өзі қызып, Өзі бұзып барлығын,
Бүлк етпестен
саған артар кінәсін!
Күлкі қайда?
Күлер жерде
күлмейсің.
Қулық - патша,
Сен - кәдімгі
күндейсің.
Көз алдыңда
көріп т
ұрған жауың жоқ,
Кіммен қалай
күресерге білмейсің.
Бөрік дейміз.
Астында оның
жатыр кім?
Айыбы не
сотталардай пақырдың?!
Айқасып-ақ өлетұғын, шіркін-ай,
Ашық майдан -
Арманы ғой
батырдың!