Менсінбес ауыл түгіл әлеміңді,
Мінбеді ЧТЗ-ыға - пәле мінді...
Ауылдан шыққан тұңғыш тракторшы
Алмайды Жұмаш кейде сәлеміңді.
Әйтеуір, түк
істемей жүр демесін
істемей жүр демесін
Дегендей
Майлай түсер кір
денесін.
денесін.
Жатады қашан көрсең
Құнжың-құнжың
Шұқылап трактордың бірдеңесін.
- Әлде сен ремонтқа кенде ме едің?
Төрт сағат болды, міне, жөндегенім!-
Деп Жұмаш,
Өзіменен өзі сөйлеп,
Тебеді трактордың дөңгелегін.
- Таппадым тілін мына тетігінің,
Тұтанбай қойды тағы оты бүгін!-
Қалады қойып-қойып
Қамшыменен
Жүретін қонышында етігінің.
Осылай талай ұрды,
Тепкіледі.
Қай мықты бұл пәлені көп біледі.
Қамшысын
сілтегенде
сілтегенде
Құрдастары:
- Қатынын сабап жатыр!- деп күледі.
Күнде сол,
Бүгін де сол,
Қаталады.
Ашудан екі көзі
боталады.
боталады.
Бір кезде -
Ұрғаннан
ба,
ба,
Тепкеннен бе-
Әйтеуір,
тракторы от алады.
тракторы от алады.
- Пәлі!- деп содан кейін бір тіл қатып,
Қағады шаң күртесін бұрқылдатып.
-
Қалай?!- деп
қыр көрсетіп күлгендерге,
Қалай?!- деп
қыр көрсетіп күлгендерге,
Өтеді
тракторын тырқылдатып.
тракторын тырқылдатып.
Жатқандай
көтеріле қала көшіп,
көтеріле қала көшіп,
Жаңғырар сол бір
үннен дала кеші...
үннен дала кеші...
- Қалай!?- деп қайта орала бергенінде,
Моторы қасақана қалады өшіп.
Бір ауыл - Мұңдас бәрі,
Сырлас бәрі,
Қайғыда,
Қуанышта бір бастары.
Қуақы балдыздары басын тырнап:
- Қалай?- деп қояды оған құрдастары.
- 74 просмотра