Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Электр бұйымдарын ұрламақшы болған 25 жасар жігіттің мүрдесі табылды

Орал қаласында 21 ақпан күні түнде үйінен шығып, жоғалып кеткен 25 жасар Андрей Галяниннің мүрдесі табылды.

Оралда «Тіл мен тілші» байқауы қорытындыланды (ФОТО)

Орал қаласында Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында 10 желтоқсан күні дәстүрлі «Тіл мен тілші» байқауы қорытындыланып, жеңімпаз-жүлдегерлер марапатталды.

Қазақстан халқы тілдерінің ХV облыстық фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, отаншылдықты насихаттау бағытында еліміздегі тілдер саясаты жөнінде қалам тербеп жүрген журналистерді қолдау мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы жариялаған байқауға барлығы сегіз үміткерден 26 мақала түсті.

Ауырған балалармен қарым-қатынаста болған 21 адам ауруханаға жатқызылды - БҚО

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 21 қызметкері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың бәрі де дизентериямен ауырған балалармен қарым-қатынаста болған асхана қызметкерлері.

Айта кетейік, аталмыш ауруханаға мектептен 129 бала түссе, кеше тағы 30-ы үйлеріне шығарылды. Қазіргі кезде ауруханада 23-і ғана қалды.

Оралда ауруханаға түскен 129 баланың 76-сы үйлеріне шығарылды

Бүгін Оралда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінен түскен 129 баланың 76-сы үйлеріне шығарылды.

ШҰҒЫЛ: Оралда 50 оқушы жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

Бүгін таңертеңнен бастап дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешенінен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына  50 оқушы түсті. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Бәріне де қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде. Қазіргі кезде оқиға орнында және қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында мамандар, прокуратура өкілдері жұмыс жасауда. Балалардың неден ауырғаны анықталу үстінде.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары