Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

БҚО әкімі Н.Ноғаев: Еліміздегі татулық - жарқын болашағымыздың түпқазығы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ел алдына үлкен міндеттер қойды. Осы тарихи құжаттан туындайтын идея айдан анық - Қазақстанның әлемнен лайықты орнын табуы және Отанымызда ұлтаралық және дінаралық келісім мен ынтымақтың берік орнығуы.

Бар ұлттың басын біріктірген ассамблеяның орны ерекше - Ә.Агаев, Бөрлі ауданындағы әзербайжан этномәдени орталығының жетекшісі

Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор. Бар ұлттың басын біріктіріп, бір арнаға тоғыстырған әлемдегі жалғыз қоғамдық институт ретінде  маңызы ерекше.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: А.Матросовтың ерлігін қайталаған Сүндетқали Есқалиев еді

Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиевтың туғанына биыл тоқсан жыл толып отыр.

1924 жылы Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округіне қарасты Аққұдық (Константиновка) елді мекенінде дүниеге келген ол 1942 жылғы шілде айында әскерге алынған. 1944 жылы 556-атқыштар полкінің құрамында Могилев облысы Быхов ауданы Лудчицы деревнясын азат етуде мәңгі өшпес ерлік көрсетіп, тарихта батыр болып қалды.

Оралда алғаш рет «Мәңгілік полк» шеруі өтеді

Оралда Жеңіс күні алғаш рет «Мәңгілік полк» шеруі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Сонымен қатар 9 мамыр күні кешке мерекеге орайластырылып автошеру ұйымдастырылмақ. 

Депутаттар Орал өңірінде бірқатар кездесу өткізді

Аймақтарға сапар барысында Мәжіліс депутаттары «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері Шавхат Өтемісов пен Виктор Киянский Орал өңірінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары