ВЕРНУТЬСЯ

        Жаңа жыл, мың тоғыз жүз қырық бесінші,

Құйшы,
дос! Қыран көңіл, бір желпінші!

Қан қырғын қызыл соқта толастар ма?

Жаңа жыл, айт та, менен ал сүйінші!

Тілемен жетсе екен деп жасым жүзге,

Тілемен нұр
жаудыр деп көктен бізге.

Жаңа жыл, жаршысы бол игіліктің

Жауды жеңіп қайтқандай елімізге.

1945.