ВЕРНУТЬСЯ

 
   Жаратқан ием, тарылмай таңғы 
Нұрын себеді. Тістенбе.
Жүрегім қалай жарылмай қалды
Аспаным Жерге түскенде?
Өрмін деуші едім. Мазағың емен.
Неге де болса шыдаймын.
Өлермендіктен жазамын өлең
Қағазға ғана жылаймын.
Кегі бар тағдыр әлі алмағандай,
Таптайды болып сан қайғы.
Жүрегім еттен жаралмағандай
Көзімнен тамшы тамбайды...