Тұғыры
астындағы асқан биік,
(Барады
бақ ішінде қашқан киік).
Серісін
сахараның
зергер
адам -
Жасаған
аппақ мәрмәр тастан құйып.
Шіркінде
көрік қандай,
мүсін
қандай!
Барлығын
өлшеп-пішіп ұсынғандай.
Нақ
мынау көрінісі көзді тартып,
Талайдың
көңіл құсын ұшырғандай.
Кім
екен - бұл мүсінді құйып кеткен,
Кім
екен - өз мерейін биіктеткен?!
Даланың
кербез аңы - Ақбөкенді,
Қайтсе
де ол адамзатқа сүйікті еткен.
...
Біреуге үйіп-төгіп сұлулығын,
Біреуге
- жиып беріп мұңын-мінін,
Сымбат
пен сиықсызды қатар қойған,
Тәртібін табиғаттың ұғу қиын!
- 113 просмотров