ВЕРНУТЬСЯ

       Күндер
өтті басымнан қиын небір,

Ұйтқып
барып басылды құйын-көңіл.

Тағдыр
салған тұрмыстың тәлкегінен

Маған
жұрттан өзгеше бұйырды өмір!

Жоқ
еді ғой бойымда - бұзықтығым,

Өтті
бастан не ғажап
қызықты күн!

Өтті
кейде сағымша - жүзіп түнім,

Жазар
болсам, бәрі бар, тізіп бүгін.

Сол
өмірдің бойсындым тәртібіне,

Зәрем
ұшып кетсе де зәр түбіне -

Өзіме
жат іздеп ем өзге тағдыр

Оңбай
қойды оның да арты, міне!

Болмаған
соң баспана -

үйге
алаңым,

Барғаным
жоқ алдына сыйлы ағаның!

Барғаным
жоқ той-топыр, қызыққа да,

Бәрін
ойлап, кейде сол қиналамын!

Мұнша
неге килікті Тәңір
маған?

Азап-сордан,
бейнеттен арылмаған?

Кейде
өзімнен
өзім-ақ
өш
аламын, -

"Болмадым,
- деп халқыма -

қадірлі
адам!..     

Күндер
етті басымнан қиын небір,

Ұйтқып
барып басылды құйын-көңіл.

Тағдыр
салған тұрмыстың тәлкегінен

Маған
жұрттан басқаша бұйырды өмір!

Бастар
едім жаныма пайдалы істі,

Қажет
екен ол үшін - айла күшті...

Тұрмыстың
да түйіні - түп қазығы

Қалтаңдағы долларға байланысты!