ВЕРНУТЬСЯ

      Шыға
келді бір бикеш қарыс маңдай,

Серігі
бар -Жолбарыс, Арыстандай.

Дүрлікті
де көрермен тына қалды:

Болады
деп, бұл жерде жарыс қандай?

Қуды
екеуін әлгі қыз ысқырып қап,

Қарамады
жыртқышқа пысқырып
та.

Азу
тісін ақситып Жолбарыс тұр...

Ал
Арыстан бірден-ақ түсті ырыққа.

Жолбарыс тұр: "Тәйт"
-десе, тірескелі,

(Арыстанға
ол, арланып, ілеспеді...)

Айбарлы
қыз шыбығын сілтеп қалып:

-
Кел, ендеше, менімен күрес! - деді.

Болғанменен
әлемге аты дардай,

Жолбарыс
тұр бұған да дәті бармай.

Бірак.,
бірақ жыртқыштың көзқарасы,

Сұлу
қызға тап қазір атылардай.

Жолбарыс
қой!

Намысы
қысып түрлі,

Бас
салатын сияқты ұшып тұрды.

Жерден
жұлып алды да әдемі қыз,

Бір-ақ
ұрды
жыртқышты мысық құрлы.

Дауаламай
қалды ма жүрегі енді,

Сылтып
басып Жолбарыс түрегелді.

"Жоқ"
- дегендей бас шайқап,

бұрылды
да

Торға
қарай аяңдап жүре берді...

Мұның
сырын түсініп, білмеді жұрт,

Қыз
да кетті сол торға бірге кіріп.

Сылап-сипап
басынан жатқызды да,

Темір
торға қамады түрме қылып.

Көнбеп
еді Арыстан қиқаң етіп,

Жатқызды
қыз оны да сипап өтіп.

Кете
алмады арудан асып бұл да,

Жаратса
да тағдыры қиқар етіп...

Сұлулық
па?

Сұлулық
тас жарады!

Болмаған
соң тегінде басқа амалы, -

Жүрегінде
жүні бар жігіт түгіл

Жыртқыштар да қыздардан жасқанады.