ВЕРНУТЬСЯ

       Қолымда
Жамбыл жыры -

Жамбыл
гүлі,

Ұсынған
ару қыздан алдым мұны!..

Ертеде
өзбек елі еккен дейді -

Қазаққа
түспесін деп тағдыр жүгі.

Осынау
гүлдің аты - Жамбыл екен,

Орнаған
сол өлкеде сәнді мекен!

Өзбек
қыздары әкеп еккен гүлдер

Жыр
болып ұлы ақынға қалды ма екен?

Әркімнің
ар-абырой, намысы бар, -

Ақынды
сыйламасаң - сағы сынар!

Бүгінгі
жыршы болып туған ұрпақ

Бабаның
тамған, бәлкім қаны шығар!

Өлкесін,
елін-жерін сан жырлаған

Кезінде
100 жасаған Жамбыл
бабам.

Жырдағы
Пайғамбар боп көрінеді,

Шешендік
сөзге қамшы салдырмаған!

Асқақ
жыр Алатаудан құлап келіп,

Құйылса
әр жүрекке бұлақ
болып, -

Соны
біз Аруақ деп сезінеміз,

Тұратын
шабыт пен һәм қуат беріп.

Жырдың
ол көзін ашты тереңдегі,

Даңқ
боп бағаланды өр еңбегі...

Абаймен
қатар туып,
қатар өсті,

Қазақтың
жүз жасаған кемеңгері.

Қорғады
өз жырымен елдің арын,

Халқына
шабыт пенен берді жалын.

Құлмамбет,
Сарбас және
Досмағамбет

Айтысқан...

Шеттерінен
жеңді бәрін!

Бермеген
айтыстарда біреуге ерік,

Өзінің
дарын күшін тіреу көріп,

Ұлы
ақын соғыста да жеңді жауды,

Отанның
ұл-қызына
жігер беріп!..

Тұратын
тұла бойы ар-ақылдан,

Жампоз
ол жыр көгінде дара туған.

Халықтың
махаббатын қастер тұтса,

Өзі
сол махаббаттан жаратылған!

Қазақтың
дарынды жас өрені көп,

Келеді
жылдан-жылға өнер үдеп!

Оларға
айтар тілек:

Атаға ұқсап,

Өтіңдер әр ғасырдың Гомері боп!