ВЕРНУТЬСЯ

     Тұрысында
қазіргі - тұйық кісі,

Сонда
да ол халқының сүйіктісі.

Тұлғасына
қарасаң

Алып
дерсің,

Жекпе-жекке
түсетін жиып күшін.

Қатулық
бар қазіргі тұрысында,

Қабағының
ашу бар бір ұшында.

Заманына
күйініп өткен кісі -

Солай
болу керек қой,

дұрысында!

Мүддесі
үшін
айтысты ол,

Дәуірінің,

Бақыты
үшін айтысты ол,

Бауырының...

Надандықты
жоям деп арпалысты,

Қараңғылық
болды да жауы мұның!

Содан
болар!

Кітабын
тастамаған...

(Алып
келген даладан
астанаға ән)

Халық
үшін қайратын жұмсарында,

Үлгі
алады қашанда жастар одан.

Бас
имеген ақынға досы бар ма?

Барлық
жұрты тұрады тосып алда.

Келіп-кетіп
жүреді.

Гүл
құшақтап,

Айгерім
мен Тоғжандар...

Осы
маңға...

Елі
қойған мәрмәрдан құйып мүсін,

Болғаннан
соң қазақтың сүйіктісі.

Парасатты
дана ол,

Өз
халқына

Мәртебесі осындай биік кісі...