ВЕРНУТЬСЯ

    Жабықтан
жаңа туған -

Айды
ұнатып,

Ұйықтасам
деген едім жайлы жатып.

...Жаныма
жетіп келді жылап әкем,

Жанына
қайдағы бір қайғы батып:..

"Әкең
бар...

Шешең
де бар - жетімбісің?

Басына
түспеп пе еді не түрлі
сын!

Тезіне
тағдырыңның түсінбедім -

Сен
неге құздан құлап кетіп жүрсің?

Болса
да азды-кемді түрінде мін,

Үмітім
емес пе едің бұрын менің!

Аға
боп ақыл айтар шағында бұл,

Шырағым,
қалай болды сүрінгенің?

Жолында
қайда шалшық,

Қайда
батпақ -

Бәрі
де емес пе еді айдан аппақ!

Алпыстың
асуына шыққан шақта -

Шырағым,
не жөнің бар тайғанақтап?

Сорғалап
самайыңнан ептеп терің,

Өмірдің
өткелінен өтпеп
пе едің?

Жанына
серік болар жар табылмай,

Саған
да жолықты ма көкбет келін?

Ұмытпа
ұлың барын, қызың барын,

Шырағым,
жөн
бе бұлай бұзылғаның?

Өршіген
өсек сөздің - өрті қаулап,

Оранған
төңірегің - қызыл жалын...

Тағдырдан
мен осыны тілеп пе едім,

Ойлашы,
бастан қанша жыл өткенін.

Есейіп,
жерортадан асқан
кезде -

Адасып
ақылыңнан, - бұ неткенің?!"

Түн еді...   

Жұлдыз
жиі...

Айлы
- жарық!

Осылай
сөйледі де қайғыланып,

Артына
жалт бұрылды...

Ұшып
тұрсам,

Әкем
жоқ, әкеткендей айдын алып.

Мінезде
болар, бәлкім кемісім көп,

Қойдым
ба, әлдеқалай теріс үндеп? -

Ұға
алмай оянған соң ойлай бердім:

"Қара
шал ренжіп жүр не үшін?" - деп.

-
Құр босқа ренжіме, қара шалым,

Сөзіңе
келіспеймін, таласамын!

Тірлік
қой, керілдесіп қалсақ кейде

Артынан
тіл табысып, жарасамын...

Әркімнің
әрқалай ғой мінезі де,

Бұл
күнде сөз келтірсін кім өзіне!

Белгілі
емес пе еді, балаңның да

Мінезі...

Соны
алдымен түзеді ме?!

Бар
шығар қыңырлығым, қырсықтығым,

Сол
үшін
жүрсің бе әлде ұрсып бүгін.

Түскем
жоқ еш пенденің шарбағына,

Жұлғам
жоқ бір бақшаның бүршік-гүлін!

Жаңылсам
абайсызда - жазығым ба?

Көрінер
солай, бәлкім қазымырға...

Ол
үшін ренжіме, қара шалым,

Таппай
ма ат айналып қазығын да!

Әкежан,
бекер ұрсып,
тақпа жазық,

Ешкім
жоқ тірлігінен жатқан азып! -

Дедім
де...

Айта
алмаған сөздерімді

Жібердім ертесіне хатқа жазып...