ВЕРНУТЬСЯ

Жүрегіме бар
сенім,
Жырдың соңғы
көшімін.
Титімдей-ак
нәрсенің
Табу қиын
шешімін.
       Аңшылардан,
шамасы,
Аузың күйген
еліксің.
Аға ғой деп
жанашыр.
Ақыл сұрай келіпсің.
Қайнар көзі
сарқылып
Қалған кейде
түздеймін.
Шара таппай,
Шарқ ұрып
Мен де соны
іздеймін.
Жүрегіме бар
сенім,
Жырдың соңғы
көшімін.
Титімдей-ак
нәрсенің
Табу қиын
шешімін.
Қисық сөзді
бүрып ап,
Қалай жөнге
саламын?
Дұрыс ойлап тұрып-ақ,
Бұрыс сөйлеп аламын.
Күйіп-піскен
сезімнің
Кесірі ғой
баяғы:
Анық бастап,
Сөзімнің
Жұтып қоям аяғын.
Жаның іштей жыласа,
Қалайша мұң
шақпайсың!
Біреулерге
ұнасаң,
Біреулерге
жақпайсың!
Асылындай
қимайсың
Ағайынның ортасын.
Біреулерін
сыйлайсың,
Біреуінен
қорқасың.
Жақсы ғой деп
шолуға
Жоғарыға
тырыспан.
Жайсаң басшы
болуға
Жетпейді ақыл
бір мысқал.
Семьяның негізі
-
Сүйген жарың бар
тағы.
Ерегіскен егізің
Екі жаққа
тартады.
Жамандықтың
бықсығы
Жүрегіңді
ыстайды.
Жеңіп жұрттың
сыпсыңы,
Жын-сайтаның ұстайды.
Қызғанышты қас
қағым
Қай құдірет емдейді.
Мықтылығын
басқаның
Мойыңдағың
келмейді.
Батыр жаңды
кісің де
Бере салмай
бәйгені,
Өзіңді өзің
түсінбей
Ит боласың бір
күні.
Бірақ жақсы
көретін
Бол үйімнің
қонағы.
Ақылым жоқ
беретін,
Ақылдасуға
болады.