ВЕРНУТЬСЯ

      Үміт етіп балдырғаннан өндірден,

Адам өзін өмір бойы сендірген.

Болар бала байқалады үйінде,

Кейін сосын оны бүкіл ел білген.

Пенделікпеп мастанбайтын табысқа,

Қанаттының тұғыры да алыста.

Адамдарды бөлген емес өсер ұл:

"Мынау жақын, иә мынау алысқа".

Ортақ оған жақсы -жаман елдегі,

He болады сыртқа тепсе пендені.

Бірақ. Бірақ. Отырады безбендеп,

Ортақ іске сіңді кімнің еңбегі.

Мұның өзі өте-мөте маңызды,

Кімдер қалай түсінеді парызды?

Сын сағатта қасиетің білінер,

Жайшылықта бәріміз де жан ізгі.

Заңғарлардың жаны қалай жай табар?

Таршылықта татымдылар байқалар.

Азаймасын азаматтар арада,

Ақ-қараны дәл
айырып айта алар!