ВЕРНУТЬСЯ

      Келді көктем ғажайып,

Күй төгейік!

Жауларымыз азайып,

Дос көбейіп,

Бара жатыр дүние

Кеңіп, байып,

Бас көктемнің күйіне,

Ән шырқайық!

Бізге келді бұл
көктем,

Оларға -
қыс;

Бар үміті дәметкен -

Тағы соғыс.

Қан аңсайтын, ұлитын

Арамтамақ

Атлантика мұхитын

Арамдамақ.

Торлама, бұлт,
көктемнің

Нұрлы
аспанын,

Қайта оралмас өткен күн,

Бақас залым.

Көктем келді ғажайып,

Күй төгейік!

Жауларымыз азайып,

Дос көбейіп,

Бара жатыр дүние

Кеңіп, байып,

Бас көктемнің күйіне,

Ән шырқайық!

1950.