ВЕРНУТЬСЯ

        БІРІНШІ ЖЫР
Сөйлесең де
жалына
Баян тілді
алмайды.
Анасының жанынан
Жабысып ол
қалмайды.
Осындайда қыз
деген
Отырса ғой түк
үнсіз.
Үйде түгіл,
түзде де
Барып тұрған
тынымсыз.
Әңгімесін
өзгенің
Әлсін-әлсін
бөледі.
Ашуыңа сөз беріп,
Әбден ызаң
келеді.
Үлкен астың тұсында
Қарамайды
қабаққа.
Жұрттан бұрын
Қысылмай
Қол
салады табаққа.
Болмаса сәл
дегені,
Берекеңіз
қашады:
Бір нәрсені төгеді,
Бір нәрсені
шашады.
Қызығы мен
қырсығы
Болады әлі
кетерде;
Әкесіне ұмсынып,
Тұрып алар:
«Көтер!»- деп.
ЕКІНШІ ЖЫР
Алдап-сулап
көрсек те,
Ақыл-кеңес қонбайды.
Жалғыз өзін бір
сәтке
Қалдыруға
болмайды.
Ата-анасы
келгесін
Қызарғанмен
құлағы,
Олар жоқта
Бөлмесін
Жай түскендей қылады.
Өзінің сол ісіне
Отырады қуанып.
Бір минуттың
ішінде
Кетеді үйді су
алып.
Пай-пай, шіркін!
Лезде
Ойын оты
маздайды.
Көршілері сол
кезде
Көшіп кете
жаздайды.
Оның қандай екенін
Біледі жұрт,
әрине.
Сіріңкемен
екеуін
Қалдырмайды
бір үйде.
ҮШІНШІ
ЖЫР
Екі көзін Баяның
Ашпай жатып
жылайды.
Бет жуғышқа
Аяғын
Баспай жатып
жылайды.
Тәтесінің қолы
ұзын
Тимей жатып
жылайды.
Тәтті шайға
ауызы
Күймей жатып
жылайды.
Маңдайынан
мамасы
Сүймей жатып
жылайды.
Қысты
күні пимасын
Кимей жатып
жылайды.
Ала мысық ақырын
Қарады
деп жылайды.
Ішім қатты
ауырып
Барады деп
жылайды.
Айтқанына сенбесең,
Сенбейсің деп
жылайды.
Дегеніне
көнбесең,
Көнбейсің деп
жылайды.
Бірақ шыдар жоқ
шама,
Жоқ қулықтың пайдасы.
Бәрі соның
Бақшаға
Бармаудың тек
айласы!
 
ТӨРТІНШІ ЖЫР
Әке менен шешеге
Еркелеген
сабазың
Лаңтырады көшеге
Балмұздақтың қағазын.
Емханада өкіртіп
Тісін талай
емдеткен.
Сонда дағы екі
ұрты
Босамайды
конфеттен.
Өкпелесе үлкенге
Көздің жасы
жаңбырдай.
Шығармайды
дүкеннен
Қалағанын
алдырмай.
Ашуланса
Лақтырып
Бүйен добын
теседі.
Нөсерден соң қақ
тұрып,
Бәтеңкемен
кешеді.
Тартып қойып танауын,
Тымпың-тымпың
етеді.
Тазаламай
табанын
Төрге шығып
кетеді.
Міне, осындай қызығы
Жандарына бата
ма?!
Қамын
ойлап
қызының,
Қайғырады
ата-ана.
Бірақ әже баяғы
Баянжанды қорғасын,
Деп:
- Бәрін де қояды
Бір інілі
болғасын!