ВЕРНУТЬСЯ

         Білді дер кім мынау шал ат қадірін,

Тұра алмайды
ол тіптен сапқа бүгін.        

Жарқылдаған семсердің жүзіндей жас

Қайратты еді таңында Октябрьдің.

Көру азап жанардың тайған нұрын,

Дәметпейді ол енді тойдан бүгін.

Тарамыс қол, еңкек шал бір кездерде

Жап-жас жігіт болды деп ойлау қиын.

Кешкені рас өмірдің бар азабын,

Ең ауыры - бастаса ол бала зарын.

Сол біледі не екенін ажал күні,

Жалғыз ұлға айтылған жаназаның.

Медет тұтып шөбере «ата» деуін,

Кейде алғысқа кенелтіп жатады елін.

Жалғыз ұлдың қабірін күзеттірген,

Қайран тағдыр, не деген қатал едің?!