ВЕРНУТЬСЯ

Болмысымның
 сан бойладым тереңін.
Ақ, қарасын
Түссізін де еледім.
Қуанышым
Тасып ақты қанымда.
Жүрегімді
Жаралады неге мұң?
Айналғандай
Кейде бәрі аңдарға,
Бірін-бірі түсіруді
Қамдауда.
Мен өртеніп
Кеттім ба екен сол күні
Көкірегімді
Тұтқындаған арманға?..