ВЕРНУТЬСЯ

    Түбіне
тіршіліктің тағдыр ие,

Тәңірдің
ғұзырында бар дүние.

Қызыл тіл қара
тасты балқытады,

Келгенде қыл қобыздай
зар күйіне.

Сүрінбес, су
төгілмес тілім жорға,

Атасы ақпа
жырдың, пірім, қолда!

Шақырып аруағыңды, атыңды атап,

Өзіңе сыйынбаған
күнім бар ма!?

Өлеңнің ақтангері арғы бабам,

Басынан ешкім
асып қарғымаған.

Түсімде
Тәуелсіздік Падишасы,

Ақ қағаз, алтын қалам берді маған!

Сенемін асыл
сөздің тозбасына,

Жетеді ез бақытым
өз басыма.

Күбірлеп құлағыма жеті түнде,

Қоймады осы
жырды жазбасыма!..

Қолыңда жүйрік
қалам жарқылдаса,

Сөзіңді арманың не ел тыңдаса!

Кеудемде көз бар
шығар қайнап жатқан,

Тамшысы
тандайымның сарқылмаса!...

ІІ

Жаныма жақындасаң
мұңдасыңмын,

Келмейді енді
ешкімнен сыр жасырғым.

He пайда
дүниенің кеңдігінен,

Болмаса
бостандығы бір басыңның.

Шүкірлік
жарылқаған Аллаға мың,

Маңдайы жарқырады
кең даланың.

Тәуелсіз атқан
таң мен шыққан күннің

Керемет
құдіретіне таң қаламын.

Айығып ой тұманнан,
сана бұлттан,

Жазылды ескі
жара жан ауыртқан.

Азаттық аясында қандай
бақыт,

Тәуелсіз тыныс
алып, ауа жұтқан.

Тарихты қазып қайтем
сан айтылған,

Ақ сарай талай қирап, талай тұрған.

Түгендеп алар
өзі керек қылса,

Асықпай артық-кемін
санайтын жан.

Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да,

Уақыттың жүк
болмапты жұмырына.

Армысың,
Азаттығым, қыран қанат,

Қалықтап қайта қонған
тұғырына.

Қаймықпай тас қамалдан,
мұз бөгеттен,

Жарқ етіп түскендейсің бізге көктен.

Жолында жорық
салып бабаларым,

Арыстар аласұрып
іздеп өткен.

Аруақтар аунап
түсті тебіренген,

Сақтасын жатқа
қайта телігеннен.

Алмастай
жарқылдаған ақ жүзіңді,

Адамда арман
болмас көріп өлген!

Тағдырын тәлкек қылып
айлалыға,

Талайлар тура
жолдан таймады ма?

Шынжырда
шырайналып тұрса-дағы,

Ит қана семіреді
тойғанына.

Қайратың қара
тасқа қайралғандай,

Қай кезде төрт
құбылаң сай болғандай.

Құлқынның құлдарына
қарағанда,

Пақырдың
парасаты пайғамбардай.

Туған ел,
жаралғалы не көрмедің,

Көрейін
көсегеңнің көгергенін.

Қиырда
қыршындарың қалды қанша,

Бұйырмай бір
жапырақ сенен кебін.

Көзіндей
бабалардың, бағзы мекен,

Бас иіп
тау-тасыңа тағзым етем.

Шиыры
озбырлықтың шым-шытырық,

Соқпағы
әділдіктің жалғыз екен...

ІІІ

Жеткізбес құдай сүйсе баққа кімді,

Қарыны ақ түйенің ақтарылды.

Ат шаптыр, аруақ шақыр, тойла, қазақ,

Тәуелсіз Президентің таққа мінді.

Ошақтың үш бұтындай үшкіл, қазақ,

Ел болып еңсе
көтер, күш қыл, қазақ.

Сиырдың
бүйрегіндей бытырасаң,

Қашанда көрер
күнің мүшкіл, қазақ!

Тажалдың тамағы боп игілігің,

Заманның көрдің
салған қиғылығын.

Еркіңде қалай бұрсаң аттың басын,

Өзіңе өз
тізгінің тиді бүгін!

Жүндеген жуанды
да, жуасты да,

Бодандық батты мәңгі
су астына.

Ұлт
болсаң ұятың бар, иманың бар,

Ал, енді
жиналындар Ту астына!

Бір Алла тілегіңді етсе қабыл,

Бітеді кораңа
мал, бақшаңа гүл.

Төріңе түгел
шығып қасқа-жайсаң,

Кенелсін
абыройға патшаң әділ!

Қолдаса игі
жақсы ел ағасы,

Патшаның халыққа
тең дара басы.

Қырағы көптің көзін байлай алмас,

Тағдырдың
тұмшалаған томағасы.

Биліктің жалына
кім жармаспаған,

Серкелер
сүрінбесін ел бастаған.

Періште алтын
көрсе жолдан тайып,

Тонаса өзін-өзі
оңбас қоғам.

Ежелгі жұрт едік
қой дүркіреген,

Хандары күн астында күркіреген.

Көтеріп төбесіне
сыйласқанын,

Тулақтай
егескенін сілкілеген.

Жасайды өз
дегенін озған заман,

Құбылып, қылаң ұрып көзді алдаған.

Тау құлап, орман қурап, теңіз көшер,

Тағынан Тәңір
ғана қозғалмаған.

Келмейді адамзатқа
қайғы алыстан,

Соны айтып
қамықпады қай данышпан?

Елдігін сақтай
алмас енжар халық,

Қулықпен, сұмдықпенен
айналысқан.

Арасын бақ пен
сордың көрді көзің,

Арындап асқақтайтын
келді кезің.

Көлденең көк аттылар басынбай ма,

Тарпаңдай танытпаса ел мінезін?

Кең ашып
берекеге есігіңді,

Түзетіп, тербете
біл бесігіңді.

Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа,

Құдайдан тілеп
едің осы күнді!

Бүгіліп тізе
бүкті белдескенің,

Өлгенің қайта
туып, жанды өшкенің.

Бұлқынған
қасіретті қынабында,

Суырдың
намысыңның наркескенін.

Томирис, Еділ
патша, Елтеріс хан,

Аңсаумен еркін
өмір арпалысқан.

Жете алмай жерұйыққа Асанқайғы,

Желдіртіп
желмаясын жер тауысқан.

Жерұйық
іздемесең таптыра ма,

Бұйырар бір түп
жусан тоқтыға да.

Қызырды кіріп
келген танымасаң,

Басыңа байырқалап
бақ тұра ма?

Бұтағы бойламаса
күнге қарай,

Халық бір қаусап
біткен қу қарағай.

Қандағы
қасиеттен айырылсаң,

Қалмайды қуған
қырсық құлғанадай.

Тірісің-туған
ана тілің барда,

Өлісің-түп
тамырың жұлынғанда.

Қуатты күннің нұры құтқармай ма,

Жас өркен
үскірікке ұрынғанда.

Жоғалса қыздан
иба, ұлдан иман,

Кең далаң кімге
керек құр далиған.

Жолында Бостандықтың
төгілген қан,

Кетеді судай зая
құмға құйған.

Кезеңде киқу
салып жау қаптаған,

Тұлпар жоқ
омырауын шаң қаппаған.

Ешқашан
еңкеймейді елдің  туы,

Ерлері
бірін-бірі ардақтаған!

Адамға түсірмесе
адам жарық,

Тірлікті түнек
басар қараң қалып.

Қақжарған қара
қылды билік барда,

Қашанда
патшасына адал халық!

Өмірдің
ажыратпай ақ-қарасын,

Шарадай шайқаған
көп шақша басын.

Әлек боп ел
басқару әркімге оңай,

Халыққа Көсем
болу патшаға-сын!

IV

Қисыны келелі
істің дер шағында,

Күш-қуат келіде
емес келсабында.

Сөйлейді
Назарбаев Нұрсұлтан
боп,

Көк тулы Қазақстан
жер шарында.

Шарпысып жаңа
дәуір ескіменен,

Көз көрді хикіметті естімеген.

Елбасы шарқ ұрады шартарапқа,

Қырандай
балапаны кеш түлеген.

Аңдиды қырдан қатер,
ойдан қырсық,

Суырмай саясат жоқ
майдан қылшық.

Қазақты кім
сүйемек қолтығынан,

Тобықтан дұшпан қағып, тайғанда ұршық.

Ұрынса үлан-асыр
ғазауатқа,

Жанады жалғыз қалып
қазақ отқа.

Шақ туды шамырқанып шамданатын,

Ойлаған елдің қамын
азаматқа.

Әр күні, әр
сағаты толғаныста,

Түсіп тұр ауыр салмақ ар-намысқа.

Азуы алты қарыс
алпауыттар,

Ұксайды
талап жейтін жолбарысқа.

Сабаздар
саясаттың майын ішкен,

Арбайды қулық
торын жайып іштен.

Келеді қанжығаға
бөктергісі,

Шықпаса
ойларынан ойың үстем.

Алдаудан жатса-тұрса жазбайды олар,

Тұмсыгы олжа тапса тез майланар.

Көліне көлкіп
жатқан байлығыңның,

Шақырсаң қатар-қатар
қаздай қонар.

Жебемей асыл
мақсат, асқақ
арман,

Жетер ме мұратына тосқан алдан.

Аруағы
бабалардың кешірер ме,

Бақыттан
айырылса басқа қонған.

Жаңылса жарастықтың
жүлгесінен,

Өрт қояр
өшіккендер іргесінен.

Көңілінен
адамзаттың шыға алар ма,

Көрінбей
парасаттың мінбесінен.

Зулаған зымыран
оғы заманада,

Зорлығы зұлымдықтың жоғала ма?

Қарудан ядролық
бас тартпаса,

Маза жоқ мұңға
батқан Жер-Анаға.

Қараса Қазақстан
алабына,

Құрамы қырық қылау
- ала-құла.

Оп-оңай орта
жолда арба сынар,

Тас тисе
дөңгелектің шабағына.

Жұрт тыныш
пәле-жала зораймаса,

Ызадан қаны қайнап
қараймаса?

Қауқарсыз қаңбақ
емес халық деген,

Жөңкіле
жосылатын жел айдаса.

Шаң тұрса шындық атты шарайнаға,

Көреді өз
келбетін қалай ғана.

Таба алмай ақиқаттың
алтын кілтін,

Өкініп өткен жоқ
па талай дана.

Түсіп тұр азаматтың бағы сынға,

Тірліктің толқын
атқан ағысында.

Айнымай әділеттің
ақ жолынан,

Toп жарды
ғасырлардың тоғысында.

Көненің қалып
қоймай шиырында,

Жол тапты
асулардың қиынында.

Жұртының аманаты
жүрегінде,

Дәуірдің ауыр
жүгі иығында!

V

Соққанда
замананың көк дауылы,

Ел түгіл солқылдайды
жер бауыры.

Көппенен бірге
көрер не көрсе де,

Құдайдың қатардағы
ол да құлы.

Халықтың қарық
болса қағанағы,

Керілер
керегенің сағанағы.

Ауылдан ала
қашар түк таппаса,

Қу басты қасқыр
мұжыр даладағы.

Ошақтың оты шалқып
қазан асқан,

Ондалар шалыс қадам
жаза басқан.

Төндірді қара
аспанды әлдекімдер,

Қырыла қалатыңдай
қазақ аштан.

Көп үшін кім
болғаны күйінбесе,

Ұршықтай
қиындықты үйірмесе?

Сапырған қара бұлтты
қанатымен,

Дауылға
дауылпаздай шүйілмесе?

Қамалдың қабырғасы
құламаса,

Тағанын дей
алады кім аласа?

Қираған құм шөлмектей коғам кейпі,

Қиюын қайта
тауып құрамаса.

Мұндайда
содырлар мен сумақайлар,

Тайраңдап ел үстінде күнде тойлар.

Сұңқардың желкесіне сұқсыр мініп,

Құланның құлағында
құрбақа ойнар.

Мыңқ етпес мәңгүрт
пенен маубас қана,

Сұр жылан іштен шықса-сол масқара.

Жармасса жау
жағаға, бөрі етекке,

Жер үсті, аспан
асты болмас пана.

Арсызға
берсең-жақсы, алсаң-жаман,

Алдына
арамдықтан жан салмаған.

Көршінің қолтығына
су бүркеді,

Атақаз атамаңдар алшаңдаған.

Тату жұрт бірі-шекер, бірі-балдай,

Жарылып
жауласатын түрі бардай.

Қызуы
Оңтүстіктің өрге шауып,

Солтүстік
сіреседі сүрі қардай.

Болысса иілместі
Тәңір иер,

Таланса тар ноқтаны
тағы киер.

Көсеудің екі
басы бірдей ыстық,

Қай ұшын ұстаса да қолы күйер.

Бермесе
пендесіне Алла сабыр,

Бәрі де
арпалыстың далбаса құр.

Топалаң
тиылмайды тентектерді

Келтіріп
тәубасына алмаса бір.

Адалдық арамдықтың
қолын қағар,

Күн келер күткен
үміт орындалар.

Ұлтының
табанынан ызғар өтсе,

Ұлтарак,
ұлтаны да болуға бар!

VI

Дүние келе
бермес шырайналып,

Бел буды
тәуекелге мың ойланып.

Алдында болашақтың беті жарық,

Еңбегі
еліне-аян, құдайға-анық.

Шайқасып ата
жаумен сан кезенген,

Бабалар кешіп
өткен қанды өзеннен.

Байқаса, шығатұғын
жол біреу-ақ,

Бұралаң тайғак
кешу, тар кезеңнен.

Fасырда
көтерілген намыс тудай,

Алаштың бағы
жанбас арыс тумай.

Орнықпас ел
іргесі, астананы

Байтақтың
ортасына ауыстырмай.

Мақсаттан көзі жеткен тартына ма,

Біледі түсетінін
талқыға да.

Басқалар
түсінбесе түсінбесін,

Түбінде
түсінетін халқы ғана.

Көңілі тебіренсе домбырадай,

Төгілмес құлақ күйін оң бұрамай.

Атадан арыстан
боп туғанменен,

Тұтқасын ұстата ма тағдыр оңай?

Кең дала қанжылаған
қасіреттен,

Қазақтың қашан
көзден жасы кепкен?

Байланып
Бостандықтың қол-аяғы,

Кененің қанжығада
басы кеткен.

Ту тігіп Абылай
аспас сарыбелге,

Кек қайтып,
бастар ме екен елін ерге?

Сарыарқа-айқастардың
сахнасы,

Сенделтіп салған
талай әбігерге.

Алысса ауыздықпен
арда көңіл,

Тартуға қайғы
деген арба жеңіл.

Қобызға үнін қосып
күңіренеді,

Ежелгі
Қазтуғаннан қалған Еділ.

Созылып cop
өзені содан бері,

Арнасы аққан
сайын тереңдеді.

Ойласа Орынборды
опынатын,

Алаштың арысы
мен кемеңгері.

Жер қайда қиып
алып қылғытпаса,

Шындыққа шара
бар ма шыр жұқпаса?

Қазақтың
астанасын аярлықпен,

Ақмешіт,
Алматыға сырғытпаса?

Жендеттер
жаралғалы кімді аяпты,

Көгендеп кәрі-жасты
бірдей атты.

Кәмпеске, ашаршылық,
отыз жеті-

Кінәсіз халық қаны
судай ақты.

Қорқаудың
қиянаты ел есінде,

Ойнаған төрт
аяғы төбесінде.

Аштық пен оқтан
қалған ақ сүйектер,

Ғасырдың
көлденең тұр өңешінде.

He керек қайран
елін еңіретті,

Өлгеннің орнына
әкеп егін екті.

Қараса, тарих
беті таңдак-таңдақ,

Түскендей
жазылмайтын теміреткі...

Саңқ етті
Алатаудың мұзбалағы,

Жаңғырып жартас
біткен, күз қарады.

Шарықтап шырқау
көкте жүрді-дағы,

Бетке алып
тартып кетті түз даланы.

Тұр міне, Үшқоңырда-өзі шыңда,

Ақиық барады ағып көз ұшында.

Қыранды құс
патшасы деп атайтын,

Айналды бұрынғының сөзі шынға.

Ақиық Алатаудың иесі ме,

Көк аспан соған ғана тиесі ме?

Сияқты Абылайдың
ақ бурасы,

Көрінген әлде
өзінің киесі ме?

Аспанда атқан оқтай
құс ағады,

Еске caп
қасиетті нысананы.

Қанатын сол
қыранмен бірге қағып,

Қиялы қияндарға ұшады ары.

Кеткендей елес
беріп әлгі қыран,

Қайыспас қайсар
ердің тағдырынан.

Шыққан күн көкке
өрмелеп бара жатты,

Әлемнің алтын
зерлі сандығынан.

Суырмай бұлттар
бүгін алдаспанын,

Шыңдар да құра қапты малдастарын.

Қаз-қатар қолын
жайып, бата беріп,

Тілеуін
тілегендей марғасқаның.

Көз тікті көк
тіреген Талғар шыңға,

Асқар жоқ одан
асқан алды-артыңда.

Биікке бір
шықпаған бейшаралар,

Тәккаппар таудың сырын аңғарсын ба?

Шығатын ең
шыңына шыдағандар,

Арманның шырқауындай мына заңғар.

Біржола құз түбінде
қалады екен,

Биіктен басы
айналып құлағандар.

Тимеген сауырына
пенде аяғы,

Орнында Хантәңірі
сол баяғы.

Тәңірдің тақытыңдай аспандағы,

Асқақтап тұрған шығар тау нояны.

Жұлдыздай жарқырамай
бір кемерден,

Жалғанның
қызығына кім кенелген?

Жорып тұр жақсылықтың нышанына,

Ғажапты
түсіндегі түнде көрген.

Түрі бар
"Қарасайлап!" қонған атқа,

Ешкім жоқ оң
қанатта, сол қанатта.

Түседі Көктің
нұры шағылысып,

Қолында жарқылдаған
шарболатқа.

Тұлпардың тұяғынан
жер сөгіліп,

Алдынан жау
қашады төңкеріліп.

Үн қосып ұрандаған даусына,

Жан-жақтан құйылады ел төгіліп.

Бір сәтте күн
күркіреп жел шақырды,

Айдаһар
ысқырынған қарсы атылды.

Қылышпен кере
тартып қалғаныңда,

Көмейі
кесепаттың қан сапырды.

Құтылып жалаңдаған жау-жаладан,

Еседі салқын
самал кең даладан.

Басына
Хантауының алып шықты,

Қалың ел Хан
көтеріп қаумалаған.

Ажалға қарсы
шауып жанға төнген,

Қазағы аман қапты
сан қатерден.

Ескі жұрт екен
дейді сол баяғы,

Керей мен Жәнібекті
хан көтерген.

Жар болып
жаратушы Алла бұлай,

Аруағы
бабалардың қолдауын-ай!

Хан келіп алтын
тәжді тіл қатады,

Күлтегін,
Әз-Жәнібек әлде Абылай:

-Ал, балам,
бекем ұста ел тұтқасын,

Тағынды Тәңір
сенің толқытпасын!

Оралып шалғайыңа
бақ пен дәулет,

Қысылсаң Қызыр
келіп қолтықтасын!

Бөгде жұрт
басынуды жол тұтпасын,

Ұстасын өз
атының тартып басын.

Кеткендер шыға
бере сырт айналып,

Келгендер қоржыныңа
қол сұқпасын!

Ер жігіт
туғаннан соң елге-қанат,

Өзіңе байтақ
дала енді аманат!

Тасыған дариядан
өте алмассың,

Іздесең таяз өткел
жар жағалап!

Атаның ақ
жолынан айнымастан,

Арыстар арпалысқан
айбыны асқан.

Нағыз ер намысы
бар халқын ойлар,

Кіргенше қара
жерге қойнын ашқан!

Осылай аян берді
хан бабасы,

Жұмбағын біле
бермес жан баласы.

Керуені көп
заманның көлбең қағып,

Көшеді көз
алдынан тау-даласы.

Күркіреп жауар
күндей қанша қаған,

Өздерін
Тәңірімен тең санаған.

Халқының қотыр
тайын жегізбеген,

Қасқырдай кеп дұшпанға анталаған.

Естеми, Бумын,
Білге, Күлтегінге,

Жетеді адамзатта
кім тегінде!?

Тасқа ойып жазып
кеткен өсиеті,

Қасқайып қара
жердің тұр төрінде!

Арт жақта ұрпақ бар деп жоқтап алар,

Айтарын түгел
айтып кеткен олар.

Тәндері топырақта
жатқанменен,

Жандары жайсаңдардың көкте болар.

Уақыттың кім
батпаған тереңіне,

Елім деп
еңірепті ер Едіге.

Жұртының жел
жағына жанын тосып,

Солардай бола
алмаса керегі не?!

Ерліктің өшкен
еді салты қашан,

Өмірі қаһарманның
халқына тән.

Түбіне солардың
да жеткен жоқ па,

Айыр тіл, ала
ауыздық алты бақан?

Өткеннің өкініші өткір қандай,

Мәңгілік есте сақта
деп тұрғандай.

Бес күндік
берекесіз боқ дүние,

Дариға, кімдерге
опа таптырғандай.

Мойнында
мүскіндердің талай күнә,

Төндірген соқыр тұман
арайлыға.

Арс етіп ала
түссе таң қалмайды,

Қапқандар Абылайды, Абайды да.

Көп болса сөз
батады жалқы жанға,

Қызғаныш қызыл
өрті шарпығанда.

Шаң жұғып шашасына көрген емес,

Артыңда асқар
таудай халқы барда!

Иілмес батса-дағы
басы қанға,

Қашанда батыр
халық жасыған ба?

Жағаны
жуып-шайып кетпес пе еді,

Арындап асау
өзен тасығанда.

Жұртының
жеткізбесе баққа қолын,

He керек иеленіп
тақтан орын?

Патша аз ба
пәтуасыз ғұмыр кешкен,

Кім іздер құнсыз
басын жоқтап оның?

Көк семсер жарқылдамас
жүз болмаса,

Көсемнің несі
көсем із қалмаса?

Сірессе тағдыр
деген суық мұхит,

Кемедей
күтірлетіп мұз жармаса!?

Көсем бе көптің
сөзін айта алмаса,

Түскенде ауыр
салмак қайқаңдаса?

Түгендеп
төңіректің төрт бұрышын,

Есесін елдің
кеткен қайтармаса?!

Қалады көпке
берген анты қайда,

Тұрмаса ел парызы әр күн ойда?

Гауһардай тұңғиықтан
табылмаса,

Көбіктей су
бетінде қалқымай ма?

Патшасы
болғанменен қанша дана,

Қадірлі ел бақыты
жанса ғана.

Ұлтының ұл қаша ма азабынан,

Емес пе қазағынан
жан садаға!

Бекітсе
астананың ірге тасын,

Көрсетер
күдірейтіп кім жотасын?

Күңіреткен қаралы
күн қайтып келмес,

Қазақтың көрде
жатқан күллі атасын!

Біреулер әурешілік
дер де мұны,

Көшіріп босағаға
төрдегіні.

Қияға қиял
жетпес құлаш ұрды,

Қайтпаған
таудан-тастан өр көңілі.

Жәрдемін аямаса
Хақтағала,

Пәрмені
Президенттің тоқтала ма?

Жарлыққа қолын қойды
нық сеніммен,

Астана ауыссын
деп Ақмолаға!

Сарыарқа сайын
дала - жер кіндігі,

Баянды
Байтағымен елдің күні.

Қазағым, көш
көлікті болсын енді,

Көтерген жолда қалмас
Нардың жүгі! ..

Аршында, шығар қазақ,
үнінді асқақ,

Кім сені
тоқтатады бүгін жасқап?!

Астана Ақмолаға келе жатыр,

Айбынды Нұрсұлтандай
ұлың бастап!

Желбіреп көштің
алды жалаулайды,

Арқаға аққан
судай ел аунайды.

Тапсыр да
тағдырыңды ер соңынан,

Ер туып екі
қайта жаралмайды.

Арқаның асау
желі борандайды,

Бірақ та көшке
бөгет бола алмайды.

Ақтүтек қайта
айналып соққанменен,

Ақсүйек заман жұты
оралмайды.

Бұл жерді бабаң қорғап жат қолынан,

Түспеген
күндіз-түні ат жалынан.

Асыңа қылаяғы
шыбын кожа,

Айырылсаң қара қазан
қақпағынан?

Қайтқаны осы
емес пе кеткен есең,

Біріңді-бірің қағып шеттемесең.

Япыр-ау, не қыл
дейсің бұдан артық,

Үстінен қыл
көпірдің өт демесең!

Салған соң кең
толғанып көпке кеңес,

Аяулы Алматысы
өкпелемес.

Алдымен
Елбасының жүрегінде,

Астана жерде де
емес, көкте де емес!

Ағайын, артық
сөйлеп құлаштама,

Тұнығын туған елдің ыластама!

Жалпының қамын
жеген жалғыз басы,

Көсемнің өзі
емес пе шын Астана!

Тағдырдың талқандалып
тас қамалы,

Талайдың төңкерілді тостағаны.

Құлағы қияпаттың
көрінгені-

Қарбалас
ауыстырса астананы.

Көсемге көштің
түсер салмағы бар,

Көк толқын кеме
жүзсе қақ жарылар.

Көреген, қол
бастаған дара батыр,

Көкжалдай мұз
төсеніп, қар жамылар.

Отырсақ өзге жұрттан
аса қарап,

Қонғаны бақ пен
дәулет қоса қабат.

Ерлігі Елбасының
жарқырап тұр,

Бұлт қалай
күннің көзін тасаламақ?!

Көрейін көштің
көркін көлденеңдеп,

Төгейін
сүйіншіге сөзден өрнек.

Бір күннің біте қалар
жұмысы емес,

Мың күнгі
мехнатпен келген еңбек.

Саңлақтың салған
жолы жатыр дара,

Ақ таяқ ұстатқандай соқырға да.

Бұл көштің абыройы халыққа ортақ,

Шығармас бір
адамның атын ғана.

Жаңарып
Қаратаудың ескі өлеңі,

Бауырынан
Алатаудың көш
келеді.

Сыртынан қарап тұрған
дос сүйініп,

Дүшпанның сұқты
көзі сескенеді.

Көрмедім ұлы көшті басқа мұндай,

Бүгінгі батырлықтың
дастанындай.

Келеді тәуекелдің тауын
асып,

Асқардан
бабалардың асқанындай!

Келеді халқын
бастап қазынаға,

Ақ боран, алдын орап азынама.

Қуанып қалың елі
жатқан шығар,

Алайда шын қуанған
өзі ғана...

Заманның
зуылдайды күш-көлігі,

Шалқиды алып-ұшып құс-көңілі.

Шығармас сыртқа
сырын патша-жүрек,

Кім танып-біліп
жатыр іштегіні?

Сарыарқа-сан ғасырдан
қалған мұра,

Риза бақытына
жанған мына.

Күтіп тұр салтанатты көштің алдын,

Қолында Ақмоланың ақ домбыра.

Арда едің, асау
едің Арқа неткен,

Төсінде небір
бағлан дархан өткен.

Ақмола осы еді
ғой Кенесары,

Бөрінің бекінісін талқан еткен!

Айналдым
аруағыңнан, ер Кенекем,

Тәңірі тілегіңді берген екен.

Тентіреп жердің түбін жеті айналып,

Қазақтың құты
қайтып келген екен!

Жетерлік көріп
келген көрешегі,

Болса екен мәңгі
жарқын келешегі.

Ту үстап, тұлпарына
қайта қонған,

Халқының
айдарынан жел еседі.

Қалың ел қазағына
бесік болған,

Бұл жұртта ошақ қанша өшіп қалған.

Есілім осы еді
ғой ер Қабанбай,

Ен жайлап,
жағасында көшіп-қонған.

Дұшпанның аян бізді шақырмасы,

Қасықтай қара
суын татырмасы.

He іздеп жүрсің
деме бұл арадан,

Бабамның
арыстандай жатыр басы!

Жөңкілген
Бостандықтың көші қандай,

Сарқылған құрдым қайта тасығандай!

Көзінен
келгендердің қымсынады,

Жыртығын жүдеу
қала жасыра алмай.

Уақа емес, жалт қаратып
дүниені,

Астана шыттай
жаңа киінеді.

Қазақтың
Көсемінің алдына кеп,

Тәккаппар талай бастар иіледі!

IX

Ақмола кеше ғана
басқа қала,

Айналды
Бәйтеректі Астанаға!

Еміреніп өз
анасы емізбесе,

Сәбиге шайнап
берген ас бола ма?

Бақытым басымда
тұр талай күткен,

Сеземін
келмегенін оңайлықпен.

Үзіле жаздап еді
өндіршегім,

Өзекке
тепкілеген өгейліктен.

Көңілге сәуле құяр
Сарай нұры,

Астана-ел
тірегі, ел айбыны!

Кемері шалқып
жатқан Қазақстан-

Мұхиттың
аласұрған көк айдыны.

Тіршілік
түзегенде көркін жаңа,

Сұрапыл соқпаса
екен толқын жара.

Армысың,
Азаттықтың астанасы-

Талпынған
арманына еркін қала!

Жаһанның
жанарында жаңа қала,

Жұлдыздай туа
қалған өліарада.

Бес жылда бой
көтерген ғимараттар,

Жайнап тұр шомылғандай самалаға!

Жырламас
ғажайыпты кім мұндағы,

Жеткенше сөздің
дәмі ділдің нәрі.

Алғысын
жаудырады Елбасыға,

Бақытты бұл
шаһардың тұрғындары.

Қарашы, шаңырағы
жас қаланың,

Аспанның бұлтын
серпіп тастағанын!

Бүгіннен
басталатын шежіресі,

Авторы Назарбаев
Астананың!

Көрем де
Астананың келешегін,

Елдермен
алыс-жақын теңесемін.

Сырлассын
Невасымен ұлы Пушкин,

Мен, міне,
Есіліммен кеңесемін.

Бірінші Петр
патша орыстағы,

Айбатын ақылымен
тең ұстады.

Қайтсем де
Ресейді ел етем деп,

Белгілі
арпалысып алысқаны.

Жағадан астана
caп алыстағы,

Батысқа, шығысқа да қарыштады.

Қазақтың Нұрсұлтаны сондай десем,

Әлеумет айтты
демес мен ұшқары.

Аспанда мұнарасы дамылдаған,

Мен-дағы
Астананың шамын жағам.

Әйгілі қалалардың жер бетінде,

Бір күнде ешқайсысы
салынбаған.

Батырдай тынбай
жортқан жорықтарда,

Тұлпарын ауыстырған
талыққанда-

Fасырлар
өткелінде бізден басқа,

Көшірген астанасын халық бар ма?!

Бәйгеге кеш қосылып
армандамыз,

Күтеміз аламанды
алдан нағыз.

Күні ертең ерке
Есілдің жағасына,

Париж кеп орнай
қалса таң қалмаңыз!

X

Мінеки,
мойындатты кемелдігін,

Пайымдап
әулиедей келер күнін.

Көшіне астананың
үрке қарап,

Сан-саққа
жүгірткендер не дер бүгін?

Ағайын,
адаспаңыз, енді жетер,

Араздық,
бақталастық ел жүдетер.

Ес жиып,
етегіңді жаба алмасаң,

Бодандық туын
қайта желбіретер.

Сақтамай
өкпе-наздың бұрынғысын,

Ер болсаң, ақтар
ішек қырындысын.

Көзіңе жылыұшырап
көрінгенмен,

Кісінің кім
танымас жырындысын?

Ақыны ақ
сөйлемек ерікті елдің,

Мен-дағы өзімше
бір көріпкелмін.

Тағзым ет
Күлтегіннің Көктасына,

Әйтпесе Астанаға
не ғып келдің?

Татулық
тамшысына қаталаған,

Оқып көр не
дегенін ата-бабаң.

Сөз ұқпас
саңылаусыз болмасаңыз,

Жас келер
жанарыңа боталаған.

Қоңырауын
керуен-күндер күмбірлеткен,

Есіңе өмір түсер
мың жылғы өткен.

Заманды қолды-аяққа
тұрғызбаған,

Жалғанның жал-құйрығы
тұлдыр неткен?

Жым-жылас қаншама жұрт жерге сіңді,

Ұмытпа
кетсең қайтып келмесіңді.

Алланың ашып-жұмған алақаны,

Сыйғызар уысына
көл-көсірді.

Кім келіп, кім
кетпеген даламызға,

Жырлайды құлақ түрсең әр аңызға.

Арбасқан, аласұрған бір тіршілік,

Алмасқан
бабамыздан баламызға.

Жаһаннан
жоғалмаса адам аты,

Естілер арттағыға
ғаламаты.

Қаһары қара
жерді қалтыратқан,

Қайда сол
Көктүріктер қағанаты?

Шайқасып үдей соққан
дауылменен,

Құлаған
Дешті-Қыпшак дәуірлеген.

Ұлдарын
ұлы дала ұмытқан жоқ,

Қырқысқан бірге
туған бауырменен.

Ақтарсам ішімдегі шер-шеменді,

Түспесін
есеңгіреп еңсең енді.

Үш жаққа бұра
тартса үш туысқан,

Ұшпаққа кім
шығарар ертең елді?

Мен емес
бас-аяғы зарлағанның,

Алды-артын
дүниенің барлағанның.

Туады әр халықтың
өз Көсемі,

Бітетін маңдайына әр заманның!

Жолының
дәлелдеді туралығын,

Тарихтың
толғағынан туған ұлың.

Ардақтап, асылыңды аялай біл,

Астынан су
жүгіртпей сырмағының.

Көрінсе
анадайдан түсіп аттан,

Дұшпанға жорғалайсың тісі батқан.

Келгенде өз жақсыңа
кекжиесің,

Жұртым-ау, қашан
саған кісі жаққан?

Намысты
айырбастап күнкөріске,

Сұғасың бір кебісті бір кебіске.

Арыңның ақ
таяғын жұмсамасаң,

Қызыл ит шыға
қоймас кірген ішке.

Нұрсұлтан
- арқа тірек, алтын діңгек,

Алыптың халқы
ғана нарқын білмек.

Қарғаның қарқылдайтын әдеті ғой,

Қыранның
аспандағы даңқын күндеп.

Жоқты-бар,
деумен азды-көп етемін,

Төгуден аянған жоқ
қара терін.

Жалғасы
Күлтегіннің жаныңда жүр,

Тұлғасы асқақтатқан дала төрін.

Ту болып
тігілгендей елдігіңе,

Жасына
пайғамбардың келді, міне!

Халқының баласы
еді бұған дейін,

Жарасқан бес қаруы
белдігіне.

Әрқашан орны
бөлек, даңқы дара,

Ол - енді қамқор
әке, халқы-бала.

Әкесі өз парызын
өтемесе,

Сәбидей
шырылдамай ел тұра ма?

Яссауи
Қожа-Ахмет бұл
жасында,

Күн кешкен қылуеттегі
құжырасында.

Өмірдің мақсат-мәні
жер бетінде,

Жақсының жұртқа
шашқан шұғыласында.

Сүйреткен көне
тарих көн шарығын,

Түбінде сықсияды
қол шамының.

Тасыған
мейманасы бұл
ғасырда,

Тағдыры қыл
үстінде жер шарының.

Беті аулақ соғыс
деген пәтшағардың,

Тажалдың асау
басын ноқталар кім?

Тайғанақ тақтасында саясаттың,

Ойлары шайқасуда
патшалардың.

Құдайым бәрін бермес
сұрағанның,

Бақытын мыңға
балар бір адамның.

Ішінде сайыпқыран
көсемдердің,

Шоқтығы шоқ
жұлдыздай Нұр-ағамның!

Тұлпардай алға
түсіп жол қиында,

Сұңқардай суырылады топ жиында.

Жартысы ғұмырының
аспанда өтіп,

Келеді
самғауменен сан қиырға.

Ғаламның тыныштығын
бұзды қайғы,

Қасірет
кеңістікті сызғылайды.

Алайда,
Еуропа-Азияны

Жалғаған алтын
көпір мызғымайды!

Шұлғытып ұлығын да, ұлысын да,

Баурады Батысын
да, Шығысын да.

Оның да
жүрегінің лүпілі бар,

Әлемнің әрбір
алған тынысында!

Асылдың жарқылдамас
бар ма күні,

Әуелден түскен
оған Алла нұры.

Сондықтан Нұр-Сұлтан деп атын қойған,

Ата-ана
болжағандай алдағыны.

Тіл көзден аман қылсын
Тәңір оны,

Бесік боп
берекеге қалың елі.

Арқасы ерендік
пен кемелдіктің,

Тынысы
Бостандықтың кеңігені.

Өткендер оба-қазық
орнатып па,

Шекараң анық еді қай уақытта?

Бекітіп ұлан-ғайыр айналасын,

Бүгінде болып
отыр елге тұтқа.

Ойланшы, кеше қазақ,
кім едің сен,

Құлпырып бүгін қайта
түледің сен!

Ортаға Астанаңды
орнатқаның-

Fасырдың оқиғасы
біле-білсең.

Бүтінге сызат
түссе сынады оңай,

Біріңді-бірің сыйла ғұламадай.

Бұйырды өз
төрлерің өздеріңе,

Баспалап
босағадан сығаламай.

Салынып жатқан
шаһар кең далаңа,

Сыйласын асыл мұрат әр балаңа.

Азаттық астанасы
аталады,

Қазақтың
астанасы сонда ғана!

Бәйтерек -
Астананың төріндегі,

Өресі биіктіктің
өмірдегі.

Аялы алақаны
Елбасының,

Секілді өшпейтұғын
сенім мөрі.

Самсаған қара
орманым-байтақ
елім,

Сынға caп сан
жақсыны байқап едің.

Еңсесін
елдігіңнің биіктеткен,

Ортаңда бойлап
өскен Бәйтерегің!

Өтінде
арпалысқан өмір-майдан,

Жайқалсын
болашағың тамыр жайған.

Бәйтерек -
Елбасының өр тұлғасы,

Әкеліп өз
қолымен Тәңір қойған!

Туыңдай қанат
керген желді күнгі,

Танытты кең
әлемге теңдігіңді.

Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,

Ұстай
біл асқаттатып Елдігіңді!..