ВЕРНУТЬСЯ

          Дала, дала, қай
дала?

Бүгінгі дала -
кең дала.

Бүгінгі дала - өр
дала.

Далаға шығам,
таңданам

ЬІң-жың қимыл
айнала,

Өр даланы
өзгертіп,

Шыңын тіліп
торқалам

Жүрген мынау қай
бала?

Кердім терең
ойлана,

Еміс сары айдала!

Дала, дала, кең
дала,

Бүгінгі дала -өр
дала,

Өр далада кең
қала.

Кең даланы
қоршаған

Құмы торқа, қойны
нұр

Егіс теңіз
айнала.

Дала, қала жалпақ
жұрт,

Анда-санда
кездесер

Қуылған безген
бір қара.

Айдалып жатыр
талайы

Бір қара емес,
бір ғана.

Жұрт та, мен де
майданда

Жатқан жан жоқ
жайлана.

Дала, дала, қай
дала?

Дала еңбекке -
бай дала,

Дала екпінге -
сай дала,

Тракторлы, өгізді

Шығыпты жұрт аңдағай

Соқалылар
сайлана.

Күндіз көкте күн
ғана,

Түнде күміс ай
ғана.

Дала сұлу, жел
тынық,

Көшеді шұбап
шарпы бұлт

Жылжып қана, жай
ғана.

Дала жібек көк
дала,

Далада еңбек
қайнаған.

Жөңкіп аққан
жүйрік су

Егістікке бет бұрған,

Толқынын толқын
айдаған,

Дала - егіс, дала
- гүл.

Дала майдан -
дала жыр.

1931