ВЕРНУТЬСЯ

    Мен дауылдың 9лымын,
Тура алмаймын дауылсыз.
Қасым Аманжолов
Теңіз сағым кілкіген,
Тамыз желі, майдасың.
Дүниені сілкіген
Дауыл! Дауыл, қайдасың?!
Құшағыма кірші бір,
Қоға емеспін қалбақтар.
Қара дауыл, тұршы бір,
Қаңғып кетсін қаңбақтар!
Жігерінен жастықтың
Жаудай тиші, сабазым!
Бюрократ бастықтың
Бұрқыратшы қағазын!
Тауға қуып апарып,
Талай бұлтты түріп ең,
Түбіменен қопарып
Теректерді шіріген.
Тоғайларды жапырып,
Табиғат бір айтады ән.
Теңіздерді сапырып,
Тұндырады қайтадан.
Тегі таза аймақта
Түгі кетпес сау ұлдың.
Тыныштықтан кей уақта
Өзі жақсы дауылдың!