ВЕРНУТЬСЯ

Жиып жүрміз,
Киіп жүрміз.
Киіп жүрміз
қамқаны.
Арманым деп
сүйіп жүрміз
Алтын құмар қалқаны.
      Деп едім өзімше
бір аспандайын,
Шалқиын,
Желпінейін,
Жасқанбайын.
Амал не!
Бақыт көші көрсе
лайық
Жігітті сол
жақтағы тас маңдайлы!
Жыр жазған
тағдырына
ұрсып Қасым:
Осыдан кейін
қалай қырсықпасын?!
Амал не?
Бақыт құсы көрсе лайық
Жігіттің оң
жақтағы торсық басын!
Мен емес Құлагердей ат дәметкен
Немесе бақ
дәметкен,
Тақ дәметкен.
Сонда да жаман
екен
Жақсылықтар,
Жаныңа жақын
келіп...
Аттап өткен!
Біз емірдің
көріп жүрміз,
Көріп жүрміз әр
жағын.
Торымасты торып
жүрміз,
Торып жүрміз,
Көкжалым!
Ішіп жүрміз,
Жеп те жүрміз.
Жеу жағына
маманбыз.
Жерде жүрміз,
Көкте жүрміз,
Жүрміз, шүкір,
аманбыз!
Жылап жүрміз,
Күліп жүрміз,
Күліп жүрміз
арзандау.
Жараспасын біліп
жүрміз
Жатып алып
қаужаңдау.
Алып жүрміз,
Беріп жүрміз.
Беріп жүрміз
қымбатқа.
Ермейтінге еріп
жүрміз,
Өсек сөзді тыңдап та.
Жиып жүрміз,
Киіп жүрміз.
Киіп жүрміз
қамқаны.
Арманым деп
сүйіп жүрміз
Алтын құмар қалқаны.
Қалқып жүрміз,
Қарпып жүрміз,
Қарпып жүрміз
буфеттен.
Таланттыны тартып
жүрміз,
Тартып жүрміз
етектен.
Бірі күпті,
Бірі мықты
Бәсекеңді құшақтап,
Бөлінбейтін
ірілікті
Бөліп жүрміз ұсақтап!
Ертелі-кеш қуып
жүрміз -
Алма бірақ өнеге
-
Қуып жүрміз,
Жуық жүрміз,
Жуық жүрміз
пәлеге.
Жұтып жүрміз,
Мытып жүрміз.
Шындық қанша шыдайды!
Ұтып
жүрміз,
ҰҮмытып
жүрміз,
ҰҮмытып
жүрміз қ
ұдайды!
Біз өмірдің
көріп жүрміз,
Көріп жүрміз бер
жағын.
Торымасты торып
жүрміз,
Торып жүрміз,
Көкжалым!
Әділеттен
қорықты ма
Әулеттерің,
көкжалым?
Қорықпаса,
Көріп тынар
Темір тордың ар
жағын!