ВЕРНУТЬСЯ

           -        Мен балтамын, балтамын.
Еңбек күйін
тартамын.
Екінші бір
мамандық
Алмағанға бар
таңым.
Жаз ба?
Күз бе?
Қыс...
Мейлі,
Шебер
қолдан түспеймін.
Балға жоқта
Балғаның
Қызметін
де і
стеймін.-
Бүл әңгіме тосын-ды.
Оған оқтау
қосылды:
-        Бар екінші өнері
Қолдаймын
мен досымды.
Тек нан илеп
қоймаймын,
Мен де көп ой
ойлаймын.
Тоқпақ болып,
Тентектің
Төбесінде
ойнаймын!
-        Екінші өнер керемет!
Маған да сол
керек ед.
Икемделдім,-деп
қойды
Кресло-кереует.
- Алса қолға
шеберің,
Болмас маған теңерің.
Неше түрлі
ағашты
Қашау
- менің өнерім,-
Деді қашау.-
Ғұрыпты
Бұзбай атам
жүріпті.
Ал мен болсам
Қосымша
Бұрай алам
шурупты!
- Көкке қолын жайғандар,
Ойланыңдар,
ОйлаңдарІ-
Деді екінші
маманды
қ
Алған құрал-саймандар.