Еркелік қалды,
мұңыма
Еркелік іздеп не
табам.
Қайрылмай кетті ұлына
Қайран да менің
ата-анам.
Жаралған ылғи
асылдан
Жандар барын да
білмедім.
Жылағанымнан,
жасырман,
Көп болды менің күлгенім.
Асығып әлі келем
мен,
Білемін неге
кендемін.
Ақыл-ой іздеп
әлемнен,
Әлекке түскен
пендемін.
Қайтесің енді
өрекпіп,
Балаға, жарға
қажетсің.
Тіршілік жатса
керек қып,
Тірі жүргенге не
жетсін.
- 129 просмотров