ВЕРНУТЬСЯ

Айтыла берсін асыл ән, тартыла берсін күй көктем,Сол әндер менен сол күйлерөмір сүруді үйреткен.Өмірдің сынбас арбасынеліме қарай ақырынБара жатамын сүйреп мен,бара жатамын сүйреп мен.Шегінер жер жоқ, сондықтанілгері жүру міндетім,Алдыма қарай қозғалу -атқарар ісім күнбе-күн.Талай да талай ел көрдімеңбегім арқасында мен,Бірде күн басқан жерлердібасады келіп бірде түн.Тартыла берсін күй көктем,айтыла берсін асыл ән,Сол күйге, құмар сол әнгеТұманбай бала жасынан.Шаршаса, атын береді - ағасы сараң жан емес,Шөлдесе, сусын ішедіқайырымды қарындасынан.Ілгері тартқан ұлы жолбітпесе, бітпей қойсын-ақ,Оп-оңай қолға түсіптібиікте тұрған қайсы бақ.Өгейге ұқсап көргем жоқ, ата-анам болып қолдадыМерейге, нұрға, көктемге, қызыққа, гүлге бай шуақ.Айтылып, әнім, тұра бер,тартылып, күйім, тұр сен де,Қасымнан қалмай жүріңдер,мен пақыр қайда жүрсем де.Бақытқа баста қай уақта, жанымның құсынсайрат та,Алдымда тұрғанай, батпа, төбемде тұрған күн, сөнбе!Ақындық - өз әкемнен алған мұрам,Әлемді мен сонымен таңғалдырам.Қанатын жазып бірде қалықтайдыАспанға еркін шығып алған қыран.Бүгін де сол қыранмынжыр көгінде,Ұмтылам бұлтты жарыпбірде күнге.Көзімде құбылады бар дүние,Ақырын қанат қағып жүргенімде.Ұшамын жерге түспей,ұша берем,Аспанның ақ бұлттарын құшады өлең.Ойыма орта жолда ой қосылып,Бойыма берілердей күш әріден.Дос тауып, дүниеден бауыр тауып,Біртүрлі кеткендеймін жарылқанып.Мен, сірә, жерге түспей,сол аспанныңҚалам-ау бір жерінен орын тауып.