ВЕРНУТЬСЯ

        ( Әбілхан Қастеевке)

        Суретші аға
Әбілхан Қастеевті

Менің албырт
жүрегім жастай ұқты.

Жүзге міне
келдім деп сол ағамыз,

Биігінде елімнің
қасқайып тұр.

Қарапайым
қазақтың бұл баласын

Жырлайсың да,
ісінен үлгі аласың.

Ірілігінде ағамның дау жоқ еді,

Тірлігінде
бердік пе шын бағасын.

Ер талабы теңіз
боп ақтарылды,

Ерлігінен елінің
сақтады үлгі.

Суретшінің
қаламы арқасында

Амангелді
қайтадан атқа мінді.

Сүйінбай да
оянды, Біржан сал да,

Қойын жайып
жайлауда жүрген шал да.

Дәл осынау ақ
пейіл қариядан

Өмір бойы болады
үлгі алсам да.

Абай келді өмірге, Шоқан келді,

Жырлай білді
суретшім жиһангерді.

Туған жердің
аялап әр адамын,

Тұғырына қондырды туған елді.

Халық ұлы, халықтан құрмет көрген,

Күліп әне қарап
тұр бір бөктерден.

Жан Алматы,
Медеу сай орын алды

Сурет сүйе
білетін жүректерден.

Көзің менен көңіліңді таңғалдырып,

Шығатындай
алдыңнан арман күліп.

Туған жердің
келбетін кестелеген

Суретшісін
сүйеді ел мәңгілік.

Туған елдің
бүгіні, өткені де,

Туған жердің
қысы да, көктемі де,

Жадыраған жазы
да жомарт күзі

Көтеріліп барады кеп кегіне.

Күндегімнен тағы
да биіктедім,

Тұрғандай бір төбеме тиіп көгім.

Оның тойы -
бітпейтін халық тойы,

Құтты болсын тойларың, сүйікті елім.