ВЕРНУТЬСЯ

       Мініп алып мәңгі
атына,

Алдан көшті бір
арай.

Көктем келді
Алматыға,

Сені туған
көктем келді, Құралай.

Құлаққа кеп әдемі ырғақ,

Тартты алысқа
бөгелмей.

Ақ шуаққа бөленген
бақ

Армансызбыз
дегендей.

Әрең сиям
дүниеге,

Мен де оған бір
қонақпын.

Сенің туған
күніңе де

Қалды, балам,
он-ақ күн.

Көңілім күпті,
көзім аман,

Күндегіден әуе
көк.

Жер-ананың өзі
маған

Бермес пе екен
сені әкеп.

Жасап көктем құрмет елге,

Жер де жайнап көгерсін.

Жылап қалған
сорлы әкеңе,

Мүмкін, өзің келерсің.