ВЕРНУТЬСЯ

Түн оянды, мінеки, таңға ұласып,Жақсылық жамандықты алды басып.Аспан жүзін әсемдеп күлімдейді,Қайда барам десем де алдым ашық.Мынау жайнап шығатын менің күнім,Жақсы боп өтеріне сенімдімін.Қауіп-қатер ойымнан тарады да,Бірте-бірте бойымнан сөгілді мұң.Жазып- жазып тастайтын бір өлендейЖаздың таңы жарылқап жіберердей.Ақын болып тіл қатам бұл әлемге,Қалай ғана күн кешем бір еленбей.Таласы жоқ жердің бұл көп ісіне,Ортақ бола білгенмен жемісіне.Қуанардай өзен, тау даусымды естіп,Шүбәланбай шырқаймын жеңісіме.Ешбір жаққа мойнымды бұра да алмай,Мені күткен бақ бардай, мұра бардай,Ақ қағазға төнемін, сөздерімеКешегі өткен ата-анам қуанардай.Жан досымдай үйіме күле кірген,Сағынышымен, әрқилы тілегіменӨлең сөйлей бастайды біздің үйде,Көргендерін айтады бұл өмірден.Ішімде де көретін бардай көзі,Байлығым да, бақытым балдай сөзі,Мен жыласам анам боп жұбатады,Ал қорықсам, әкем боп қорғайды өзі.Қайғым да өзі кеудемді бұлт боп басқан,Қуанышым жоқ және одан да асқан.Көңілденем жылы сөз естимін деӨмір деген өзімшіл қарындастан.