ВЕРНУТЬСЯ

         Төрежайлауда жүр
екем жұртпен бірге,

Оралыппын ат
мініп құтты өңірге.

Қонақ боппын
жайлаудың әр үйіне

Айран тасып,
қазанда сүт төгілген.

Шөп дегенің
жайлауда сірә қалың,

Онша үзбейміз
гүлдің де ұнағанын.

Сол жайлауда жүр
екен Фарида әпкем,

Қайдан, қашан
келгенін сұрамадым.

Төре жайлау -
жасыл жер,

жуалы бел,

Думанды жер,
өзінше дуалы жер.

Керегіңнің бәрі
де өз қолында,

Ананы бер
демейсің,

мынаны бер.

Төрежайлау - ақ
қайың,

жас қарағай,

Ақыш жеңге
аяулы, Оспан ағай.

Аялайды өзімді
еркелетіп,

Менің бала
кезімді басқаламай.

Қуаласам,
жетпеймін сағымға анау,

Аялайды жаңа бір
жанымды алау.

Сол жайлауда
жолыққан Фарида тәтем

Тұманбайын - шәкіртін сағынған-ау.

Белдеріңе
шығардың, бедел мекен,

Аттың басын
жіберіп, өлеңдетем.

Түсіме жақсы көрген
кірді тәтем,

Бір жақсылық Тұмашқа келер ме екен?!